Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру
Денисов аудандық мәслихаты:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2,3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 42-н/қ өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы: 7 (жеті) адам.
Мемлекеттік органнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі.
Азаматтық қоғамнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі. Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Пошталық мекенжай: «Денисов аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Денисов ауылы, Калинина көшесі, № 5-үй, № 23-каб., жұмыс телефондары: 8(71434) 2-14-36.
Электрондық поштаның мекенжайы: den.maslixat@mail.kz
Жұмыс тәртібі: «Денисов аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде (2021 жылғы 21 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 25 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Үлгілік ереженің 7-тармағында мыналар белгіленген:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайға жолдайды:
1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына *сәйкес форма бойынша Жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы; ;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен Жұмыс тобының отырысы өткізіледі.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.
Денисов ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы шамамен мына күндері өтетінін хабарлаймыз:
Отырыс Денисов ауылы, Калинина көшесі, № 5-үй, № 43-каб. өткізіледі, жұмыс телефондары 8(71434)2-14-36.
Отырыстар эпидемиологиялық жағдайға және қолданыстағы шектеулерге байланысты қашықтық форматқа ауыстырылуы мүмкін.