Сағат 7.00-ге сайлау учаскелерін ашу туралы
Учаскелік сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде сағат 7.00-дегі жағдай бойынша Аршалы, Красноармейск, Покров, Тельман ауылдық округтерінде 12 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы қосымша ақпарат аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де, сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 21.00-де ұсынылады.