«Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

«Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабы 2 тармағына сәйкес, «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік білдіру мақсатында әзірленді.

  1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ.
  3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекет) ережесі:

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

ҚР Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңдылық принциптерін басшылыққа алу;

азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету; заңда белгiленген тәртiппен әрi мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті және уақытылы шаралар қабылдау;

лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болу;

нормативтік құқықтық актілерде сәйкессіздік, мәтіннің басқаша оқылуы анықталған жағдайда осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті өкілетті органның назарына кідіріссіз жеткізу;

лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеу және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеу;

заңда көзделмеген құжаттарды талап етпеу, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету және өзге де рұқсат беру функцияларды жүзеге асыру кезінде сөзбұйдалыққа жол бермеу;

көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты  негізде шаралар қабылдау;

мүдделер қақтығысының туындау кез келген мүмкіндігіне жол бермеу;

мүдделер қақтығысы, лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде жеке қызығушылық туындаған жағдайда тікелей немесе орган басшылығына шуғыл хабарлау;

егер тікелей басшысының қақтығысқа қатысы бар болса, жоғары тұрған басшылыққа хабарлау.

3.2. өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

шешім қабылдауды көздейтін бақылау іс-шараларын және өзге де іс-әрекеттерді өткізу кезінде мәселелерді объективті шешу, шешімдерді қатаң түрде заңнамаға сәйкес қабылдау;

атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде ол жөнінде өзінің тікелей басшысына жазбаша нысанда дереу хабарлау;

мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдерді қабылдау кезінде, өз қызметтік міндеттерін орындауға байланысты ешқандай материалдық игіліктерді, қызмет түрлерін және өзге де артықшылықтарды қабылдамау;

лауазымдық міндеттеріне сәйкес және берілген құқықтар шегінде өз өкілеттіктерін орындау;

өз қызметтік міндеттерін орындауда және көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша құпиялылықты сақтау, сондай-ақ, қызметтік және өзге де құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету;

лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;

еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;

берілген өкілеттіктерді тиімді иелену; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқару.

3.3. ұсыныстар енгізу және нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау кезінде:

нормативтік құқықтық актілерді дайындауды және қабылдауды реттейтін заңнама нормаларын қатаң ұстау;

пайда табу мақсатында өзіне немесе үшінші тұлғаларға қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол бермеу;

қабылданған нормативтік құқықтық актілер белгіленбеген тұлғалар тобына немесе жеке белгіленген тұлғаларға бағытталуы тиіс.

3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезінде:

мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

егер мемлекеттік қызметші жасалған, жасалып жатқан, немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие болса, ол осындай құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдау тиіс, оның ішінде дереу жазбаша түрде жоғары тұрған басшылықты немесе өкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету; сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа көндіру туралы аталған тұлғаларға және органдарға дереу хабарлау;

жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу;

іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;

басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдау;

әріптестердің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болу;

басшылардың тапсырмаларын орындау барысында объективті тексерілген мәліметтер беру.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйымдар

жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолдану;

өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардан кез келген нысанда сыйақы алу;

заңнамамен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті, сондай-ақ, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті іске асыру.

              

 

 

 

 

 

«Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Дата публикации
20 мая 2021