2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, 2020-2022 жылдарға арналған ҚР бюджеттік параметрлері мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылды.
Аудандық бюджеттің бекітілуіне байланысты мәслихаттың 2020 жылғы 10 қантардағы №2 "Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімімен, мәслихаттың 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 5 "Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған ауылдар мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы" шешімімен ауылдық округі параметрлері бекітілді.