Денисов ауданы әкімінің 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебі.

Бүгін біз, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында атқарылып жатқан жұмыс туралы сіздерді хабарландыру үшін жиналдық.

Жергілікті атқарушы органның қызметі аудан тұрғындарының бірінші кезектегі міндеттері мен мәселелерін шешуге бағытталған.

Аталған мәселелер Президенттің жаңа бастамаларында шешімін табады. Бірінші кезекте, мемлекет халықтың осал топтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына алаңдаушылық білдіріп, көп балалы, аз қамтылған отбасылардың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың және жұмыссыздардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар шаралар қабылдады.

 

Жолдау шеңберінде «Дамыған және инклюзивтік экономика» бағытында ел Президенті қажетті құрылымдық өзгерістер кезінде 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсуін 5% және одан жоғары қамтамасыз етуге болатынын атап өтті.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салалардағы белгілі нәтижелермен сипатталады.

Денисов ауданы әкімінің 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебі.
Дата публикации
03 февраля 2020