Мәслихаттың 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мәслихаттың 2020 жылғы 10 қаңтардағы

№ 2 «Денисов ауданының  2020-2022

жылдарға  арналған  бюджеті туралы»  

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған   бюджеті туралы» 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 2 шешіміне (2020 жылғы         15 қаңтарда Қазақстан Республикасы  нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар  енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше   1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кірістер – 5 724 126,7 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 939 637,0 мың теңге;  

салықтық емес түсімдер бойынша – 3 694,0 мың теңге; 

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 2 751,0  мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4 778 044,7 мың теңге;   

2) шығындар – 5 866 724,7 мың теңге; 

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 39 444,0 мың теңге, оның iшiнде: 

бюджеттiк кредиттер –  59 361,0  мың теңге; 

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 19 917,0 мың теңге;   

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  0,0 мың теңге, оның iшiнде: 

қаржы активтерiн сатып алу – 0,0 мың теңге;    

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 182 042,0 мың теңге;       

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             182 042,0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 4-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуғы.»;       

5- тармақта:

32) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 35)-38) тармақшалармен толықтырылсын:

«35) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін тауарлар сатып алуға;

36) 2016 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін педагогтерге төленетін төлемдерді өтеуге;

37) нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес - идеяларды іске асыруға гранттарға;

38) өзге де ағымдағы шығыстарды өтеуге.»;

 көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1 -қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Мәслихаттың 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
09 декабря 2020