Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Экономика

Негізгі міндеттері, мақсаттары мен функциялары

Экономика және бюджетті жоспарлау саласында басқару, жергілікті   бюджетті орындау функцияларын жүзеге асыру және коммуналдық меншікпен жұмысты орындау және бірыңғай ұйымдастырушы атынан мемлекеттік сатып алуды өткізу бөлім қызметінің мәні болып табылады.

Бөлім қызметінің мақсаты: ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамыту және жасау, қаржы мәселелері жөнінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жергілікті бюджеттің орындалуы жөніндегі қаржылық есеп пен есеп беруді жүргізу, коммуналдық меншік объектілерімен жұмыс жасау.

Функциялар:

 

1) әлеуметтік- экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеудің үйлестірілуін жүзеге асырады;

2) стратегиялық, орта мерзімдік, экономикалық, бюджеттік жоспарлау жүйелерін жетілдіреді;

3) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады;

4)бюджеььік параметрлердің және әлеуметтік- экономикалық даму болжамының жобасын әзірлейді;

5) тиісті қаржы жылына аудан бюджетінің жобасын әзірлейді және бюджетті түзету, нақтылау жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;

6) тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді және өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

7) бөлімнің стратегиялық, операциялық жоспарын әзірлейді және келісімін алады;

8) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларының келісімін алады;

9) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүргізеді;

10) ауданның негізгі көрсеткіштерінің даму болжамын және экономикалық талдауын жүргізеді, ауданның бес жылдық мерзімге даму бағдарламасын әзірлейді ;

11) бюджеттік инвестицияларды, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

12) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штат кестесінің талдауын жүзеге асырады;

13) жергілікті бюджеттің инвестициялық жобаларының экономикалық сараптамасын өткізеді;

14) бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссия отырыстарына материалдар дайындайды;

15) аудан қаржысын басқаруды жүзеге асырады;

16) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте түсімнің жиынтық жоспарын, қаржыландырудың міндеттеме мен төлем бойынша жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

17) артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуын және (немесе) есепке алынуын, бюджетке салықтық емес түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының бюджетке түсуін бақылауды қамтамасыз етеді;

18) жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді;

19) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілегендей тәртіпте түсімнің жиынтық жоспарына, қаржыландырудың міндеттеме мен төлем бойынша жиынтық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

20) шарттарға қол қоюға қатысады, сондай-ақ, жалға алу, жалдау, сенімді басқару, коммуналдық меншікті сату-сатып алу келісімінің шарттары мен орындалуын сақтауды қамтамасыз ету;

21) бөлімнің қаржыландыру жоспарын жоспарлап және оны орындайды;

22) бөлім мамандарының біліктілігін жоғарылату жұмысын ұйымдастырады;

23) жылжымайтын иесіз мүліктің тізіміне жүргізеді және оны ауданның коммуналдық меншігіне анықтауды ұйымдастырады;

24) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда- саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

25) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

26) аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алады;

27) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

 28) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту туралы қаулының жобасын әзірлейді;

29) иесі жоқ деп танылған, коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

30) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
31) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.

32) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырады.

33) Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырмаларды қарайды;     

34) Тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;

 35) конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

36) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;     

37) Мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;

38) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелерін түсіндіреді);       

39) Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулер жібереді;

40) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

41) заңнамада көзделген жағдайларда, тиісті бюджеттің кірісіне есептелуін қамтамасыз етеді немесе әлеуетті өнім берушіге конкурс (аукцион) тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады;

42) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап-арыз жібереді;

43) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

Документы
Бюджет
01 декабря 2025
Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты
Бюджеттік бағдарламалары
Бюджет
01 декабря 2025
Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты
Бюджеттік бағдарламалары
Бюджет
01 декабря 2025
Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты
Бюджеттік бағдарламалары
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы