"Аят ауылдық округі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: Ішкі саясат саласында
1.Мемлекеттілік пен ұлт бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
2.Қазақстанның Даму стратегиясы мен басымдықтарын және жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты түсіндіру және насихаттау;
4.Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыру;
5.Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;
6.Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру;
7.Патриоттық өзін-өзі тануды, азаматтық жауапкершілікті арттыру, белсенді қоғамдық ұстанымды қалыптастыру, жастар бастамасын дамыту.