Меню

Страницы

Статья

Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту

Қазақстандықтар eGov.kz порталының көмегімен банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады👨🏻‍💻

Сервисті пайдалануға тек азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым салу мерзімсіз уақытқа қойылады. Сондай-ақ, пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады.

⚙Қызметті алу үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;
- тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
- көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

📌Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін:
- «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
- «Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?» деген сұраққа «Иә» деп жауап беріңіз және қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қойыңыз.

Дата публикации
28 октября 2024
Дата обновления
28 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 мая 2026
Туризмді дамыту туралы
Ақпарат
25 февраля 2026
Қолдаудың жаңа бағыты: мемлекет өтейтін шығындар тізімі кеңейтілді
Мақалалар
22 сентября 2025
Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайларын сақтау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы