"Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру туралы іске асырылады және қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыруға, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған.