Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық-қазіргі Қазақстанның ең ауыр проблемаларының бірі

Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық деп «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу» түсіну керек.

Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық-бұл пара беру немесе алу, қызмет бабы мен өкілеттігін теріс пайдалану.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылады, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Тек бірлескен күш жігермен ғана біз еліміздегі сыбайлас жемқорлықты жоя және жеңе аламыз.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ аппараттың жауапты тұлғаларының түсіндіру, ақпараттық және оқыту сипатындағы тұрақты жұмысын ұйымдастырды.

Дата публикации
06 сентября 2024
Дата обновления
06 сентября 2024
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

14 мая 2026
Туризмді дамыту туралы
Ақпарат
25 февраля 2026
Қолдаудың жаңа бағыты: мемлекет өтейтін шығындар тізімі кеңейтілді
Мақалалар
22 сентября 2025
Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайларын сақтау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы