eGov.kz порталында зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы жылдам әрі ыңғайлы түрде алуға болады

💻 eGov.kz порталында зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы жылдам әрі ыңғайлы түрде алуға болады. Анықтама алу үшін:

- egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
- басты бетте «Азаматтарға» → «Әлеуметтік қамтамасыз ету» → «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімін таңдаңыз;
- «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
- зейнетақы кезеңін көрсетіңіз;
- содан кейін тексеруге сұрау салуға қол қою қажет.

📲 Сондай-ақ қызметті eGov mobile қосымшасында «Қызметтер» - «Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» бөлімінде алуға болады.

✅ Сұрау сәтті өңделген жағдайда сіз 1 сағат ішінде анықтама аласыз.

информация по получению государственных услуг
Дата публикации
25 сентября 2024