Бүгінгі күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әрекет етеді. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қатерлерден қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және мемлекеттік функцияларды орындайтын басқа да адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарды сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың салдарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттарын айқындайды, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың басталу шарттарын белгілейді. Іс жүргізу заңнамасына көптеген түзетулер енгізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған адамдар үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымға орналасуға өмір бойы тыйым салынды. Кез келген заңсыз әрекетті жасағандар барлық артықшылықтардан толығымен айырылатынын бәрі есте ұстауы керек.
«Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ ай сайынғы семинарлар өткізу арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ апта сайын ЗУМ-конференциялар арқылы аудан басшылығы алдын алу іс-шараларын жүргізеді.