2024-2026 жылдарға арналған Бейімбет Майлин ауданы Майский ауылдық округінің азаматтық бюджет

2024-2026 жылдарға арналған

Бейімбет Майлин ауданы Майский    ауылдық округінің

азаматтық бюджет

Сіздің назарларыңызға 2024-2026 жылдарға арналған Бейімбет Майлин ауданы Майсчкий ауылдық округінің азаматтық бюджет ұсынылады, онда ауылдық округінің бюджетті құру параметрлер туралы және бюджет қаражаттарды жұмсау бағыттар туралы ақпарат көрсетілді.

2024-2026 жылдарға арналған Майский ауылдық округінің бюджеті Бейімбет Майлин ауданы мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 76 шешімімен бекітілді.

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Бейімбет Майлин ауданы Майский ауылдық округінің кірістері                                                                                                                                            мың. теңге

Атауы

2024 год

2025 год

2026 год

Түсімдер барлығы

245 606,0

44 003,0

44 460,0

оның ішінде :

 

 

 

салықтық түсімдер

23 236,0

24 426,0

25 661,0

салықтық емес түсімдер

0,0

0,0

0,0

трансферттердің түсімдері

222 370,0

19 577,0

18 799,0

2024-2026 жылдарға арналған Майский ауылдық округі бюджеттің кірістерінің болжамды көлемдер жоспарлау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне сәйкес есептелді.

Кірістердің болжамын қалыптастыру кезде 2023 жылдың ішінде салықтың нақты түсімдер және 2024 жылдың ішінде күтілетін түсімдер есепке алынады.

2024 жылға Майский ауылдық округі бюджеттің кірістер болжамы      245 606,0 мың теңге сомасында белгіленді, соның ішінен өз көздері есебінен түсімдер 23 236,0мың теңге құрады, оның ішінде:

салықтық түсімдер 23 236,0 мың теңге құрады. Салықтық түсімдердің негізгі үлес жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығына және төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығына келеді;

салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – жоспарланбаған;

аудандық бюджеттен түсетін трансферттер 222 370,0 мың теңге сомадағы субвенциялар түрінде көзделеді.

2024-2026 жылдарға арналған Майский ауылдық округінің бюджетке түсетін кірістердің құрылымы, пайызбен

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Бейімбет Майлин ауданы Майский ауылдық округінің шығыстары                                                                                                                                             мың. теңге

Атауы

2024 год

2025 год

2026 год

Шығыстар барлығы

245 606,0

44 003,0

44 460,0

оның ішінде :

 

 

 

Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер

34 935,0

36 192,0

36 461,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

14 341,0

2 692,0

2 786,0

Көлік және коммуникация

193 898,0

2 687,0

2 781,0

Борышқа  қызмет көрсету

2432,0

2432,0

2432,0

Мынадай көлемде шығындар көзделді:

1) 01. «Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер» функционалдық топ бойынша:

- 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 34 935,0 мың теңге (штат санының лимиті шегінде ауылдық округ әкімі аппаратын ұстау) көзделді;

2) 07. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» функционалдық топ бойынша:

- «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 181,0мың теңге (құрылыс материалдарды сатып алу және баннерлер дайындау) көзделді;

- «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 160,0 мың теңге (көшелер жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету, 146 шамы санында және электр энергиясына ақы төлеу) көзделді;

3) 12. «Көлік және коммуникация» функционалдық топ бойынша:

- «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша кент ішіндегі жолдарды қысқы мезгілінде ұстауына мың 2 951,0 теңге көзделді.

- «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша орташа жол жөндеуге 190 947,0 мың теңге қарастырылған.

2024 жылға арналған Майский ауылдық округінің шығыстардың құрылымы

2025 жылға арналған Майский ауылдық округінің шығыстардың құрылымы

2026 жылға арналған Майский ауылдық округінің шығыстардың құрылымы

  1. Таза бюджеттік кредиттеу – жоқ.
  2. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – талап етілмейді.
  3. Бюджет тапшылығы (профициті) – жоқ.
  4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - талап етілмейді.

 

Дата публикации
12 января 2024