Асп шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде көрсетіледі. Отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жоқ отбасында шартсыз көмек алушылар үшін әлеуметтік келісімшарт жасасу талап
етілмейді. Отбасының еңбекке қабілетті мүшелері бар шартты әлеуметтік көмекті алушылар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімделудің (қажет болған жағдайда)
жеке іс-шаралар жоспарын жасау арқылы отбасының қиын өмірлік жағдайдан шығуына жәрдемдесу үшін әлеуметтік келісімшарт жасалады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу
шартты ақшалай көмекті төлеудің міндетті шарты болып табылады.