|
«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есеп |
||
|
1. Жалпы ереже. |
||
|
1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер: |
1. «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Кайындыкол ауылы, Белинская көшесі, 2. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қолжетімділік болып табылады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі. Орталық және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тізілімін жасайды. Бекітілген Стандарттарға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Белинский ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы «19» қантардағы № 3-Ө өкімімен «Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауаптыларды тағайындау туралы» Белинский ауылдық округі әкімі аппаратының функционалдық міндеттеріне және қызмет саласына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді орындау үшін жауапты маман тағайындалды. |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
1 |
|
|
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкіметтің» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны. |
1 |
|
|
Ақысыз және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны. |
6– ақысыз; |
|
|
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны. |
3 – электрондық, |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген ережелер мен стандарттары |
6- ереже: 1.«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» |
|
|
|
|
2.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» |
|
|
|
3.«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» |
|
|
|
4.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» |
|
|
|
5.«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» |
|
|
|
6.«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» |
|
3) Ең талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
Есепті кезеңде ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: - «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» – 1 қызмет ( заңды тұлғаларға-1) |
|
|
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс |
||
|
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері және оған қол жеткізу орындар туралы мәліметтер: |
Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне теңдей қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурста «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары көрсететін мемлекеттік қызметтер» қосымша бетінде «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттер, қызмет көрсетушінің байланыс телефоны орналастырылды, ол арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, оған жауапты тұлғалар туралы және мемлекеттік қызмет көрсету кестелер туралы ақпарат алуға болады. Әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы нормативтік құқықтық актілері, ақпараттық-анықтамалық материалдары бар стендтер орналасқан, сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне жауапты лауазымды тұлғалар тағайындалды. Азаматтар үшін қолжетімді жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылған, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтердің «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар, онда Қазақстан Республикасының «е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы азаматтың ХҚКО-ға жүгінбей-ақ, мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар. Әкімдік қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген. |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуіне бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстар, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.) |
2025 жылы БАҚ-та мемлекеттік органдарда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. 2025 жылы аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 12 түсіндіру іс-шарасын, цифрлық сауаттылық бойынша семинарларды, оның ішінде: 4 кеңес, 1 мемлекеттік қызметті түсіндіру бойынша оқыту сессиясы.Халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен қамту- 85 адам. |
|
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру жөніндегі қызмет |
||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуында жалпы қолжетімділік пайда болады. «Электрондық үкімет» порталынан келіп түскен өтініштер уақтылы өңделді. |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілікті арттыруына бағытталған шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Ауылдық округ әкімі қатысуымен өткізілген кеңестерде келесі мәселелер қаралды: 1. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығын қамтамасыз ету. 2. Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу. Бұл азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты алуының жеделдігі мен ыңғайлылығының сапалы жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, сондай-ақ мамандар аудандық семинарларға қатысады. 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар саны - 0. Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспары-кестесінің негізінде жүзеге асырылады. |
|
|
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау |
||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат. |
Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі уақтылы және сапалы қызмет көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады. Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан ауылдық округ әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері |
Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Өтініш берушілер мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуды болдырмау мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық топтамасын қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.. |
|
|
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау қоғамдық мониторингтің нәтижелері |
Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілді. |
|
|
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективалар |
||
|
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында ХҚКО және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмысы жалғастырылатын болады. Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және көрсетілетін қызметті алушылардың байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін ХҚКО және ЭҮП арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімін ауыстыру бойынша жұмыс жалғасады. Жалпы, 2026 жыл ішіндегі жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады. Қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, кемшіліктерді жою және проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі мақсатты жұмыс мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақтылығы мен сапасы өлшемшарттары бойынша мемлекеттік органдар қызметінің көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. |
||