«Алдын алу жұмыстары» бөлімі
«ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі Заң) 9-бабының 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық үшін жауапкершілігі қарастырылып отырған жағдайларды қоспағанда, өз өтініші бойынша мемлекеттік қызметтен кетуге құқылы.
Сондай-ақ, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен кетуінің бір негізі - олардың өз өтініші бойынша жұмыстан кету туралы өтініш беруі, олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық үшін жауапкершілігі қарастырылып отырған жағдайларды қоспағанда (Заңның 61-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы).
Заңның 43-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлері немесе орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер келесі шарттар орындалған жағдайда, оларға тікелей бағынышты мемлекеттік қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады:
1) бағыныштының жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қызметтік міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы арасында байланыс анықталған;
2) бағыныштыға сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттың заңды күшіне енген шешімі шығарылған немесе сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалғаны туралы қылмыстық іс қылмыстық қудалау органы немесе сотпен тоқтатылған (Заңның 43-бабының 4-тармағы).
Сонымен қатар, Заңның 44-бабының 2-тармағы тәртіптік құқық бұзушылық деп теріс себептермен жұмыстан шығаруға әкеп соқтыратын тәртіптік құқық бұзушылық жасаған немесе бағынышты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қызметтік міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы деп анықталады.
Өз кезегінде, қолданыстағы заңнама мемлекеттік органдардың басшыларына әкімшілік мемлекеттік лауазымдардан заңсыз босатылғаны үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша өз өкілеттіктері шегінде шаралар қолданбағаны үшін немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына кінәлі бағынышты қызметкерлерге қатысты әкімшілік жауапкершілік көздейді.
Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасына сәйкес, тәртіптік жауапкершілік маңызды кадрлық құрал болып саналады, себебі оның сөзсіздігі бұзушылықтардың алдын алудың және міндеттерді тиісті түрде орындаудың кепілі болып табылады, сондай-ақ мінез-құлқы белгіленген талаптар мен күтулерге сәйкес келмейтін адамдарды мемлекеттік қызметтен шеттетуге ықпал етеді.