Қоғамдық тыңдаудың
ХАТТАМАСЫ
Қайыңдыкөл ауылы 17 сәуір 2025 жыл
Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты 11 сағат
Төрағалық еткен: Бимағамбетова Е.Г. – Белинский ауылдық округі әкімінің м.а
Қатысқандар: жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері мен Қайыңдыкөл ауылының тұрғындары.
Барлығы: 8 адам
Күн тәртібі:
«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есеп. (Бимагамбетова Е. Г.)
«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді бекітілген стандарттарға сәйкес көрсету мақсатында, Белинский ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №3-ө «Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты адамдарды тағайындау туралы» өкіміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүзеге асыру бойынша функционалдық міндеттеріне және қызмет көлеміне сәйкес Белинский ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты мамандары тағайындалды.
2024 жылы әкім аппаратында 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
«Мемлекеттік меншіктегі, конкурстарды (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 1 қызмет (заңды тұлғалар үшін – 1); оның ішінде «электрондық үкімет порталы» арқылы – 1.
Сондай-ақ, 2024 жылы әкім аппаратының ресми беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланды.
Әкім аппараты 2024 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларын өткізді (жәрмеңке/қызмет алушыларға бір күн).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.
2025 жылы бойы жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады.
Белинский ауылдық округі әкімінің м.а. Е. Бимагамбетова