Памятка по составлению Декларации о доходах и имуществе формы 270.00 в рамках всеобщего декларирования

Активтер  мен  міндеттемелер туралы декларацияны 250.00 нысанын ұсынған азаматтар келесі жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны   270.00  нысанын  ұсынуға міндетті.

Табыстары мен мүлкі туралы декларация тұрғылықты (болған) жері бойынша есепті  күнтізбелік  жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей (2023 жылы – 15.09.2024  жылдан кешіктірілмей) тапсырылады.

Кірістер мен мүлік туралы декларация жеке тұлғалардың мынадай ақпаратты көрсетуге арналған:

кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері;

салық шегерімдері;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүлікті және (немесе) өтеусіз алынған мүлікті сатып алу, иеліктен шығару;

шетелдік банктердегі ақша 1 000 АЕК-тен жоғары;

шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;

шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарында, цифрлық активтер;

инвестициялық алтын;

шетелдік компаниядағы қатысу үлестері;

басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары.

Бұл ретте жеке тұлғалар көрсетілген шарттарды (31.12.2023 ж.дейін жасалған) 2024 жылғы 15  қыркүйекке  дейін  куәландыруға  құқылы.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ ҚР-да және шетелде мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды (жылжымайтын мүлік, көлік, компаниядағы қатысу үлестері, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері).жабу көздері туралы мәліметтерді  көрсетеді.

*  Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар банк салымының сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ақшаның болуы туралы ақпаратты көрсетеді.

Декларацияны электрондық сервистер: (cabinet.salyk.kz) салық төлеушінің кабинеті, (egov.kz) "Электрондық үкімет" порталы  және E-salyq azamat мобильді қосымшасы", "eGov mobile" арқылы  тапсыруға  болады.

 

 

 

 

 

Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны жасау жөніндегі жадынама
Дата публикации
29 июля 2024