«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес:

  1. «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу:

мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Осы өкімнің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекеменің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылғы 1 мамыр мен 31 мамыр аралығында жүргізілсін.
  3. Мемлекеттік мекеменің 2023 жылғы маусым – желтоқсан және 2024 жылғы қаңтар - сәуірдегі жұмыс кезеңі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылсын.
  4. Ішкі талдау қорытындысы бойынша аудан әкімі аппаратының заң бөліміне анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпараты және оларды жою бойынша ұсынымдары бар талдамалық анықтама ұсынылсын.
  5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге басшылықты, үйлестіруді және жауапкершілікті және жұмыс нәтижелерін өзіме қалдырамын.

 

 

Н. Кошеров

 

 

«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Дата публикации
21 мая 2024