«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

 

 

 

«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлықтың

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

 

  1. Жалпы ереже

 

1. «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және аудан әкімі мен жергілікті атқарушы органның қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру кезде туындайтын қоғамдық қатынастар саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі болып саналады.

2. Стандарт «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру, кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік ахуалына қол жеткізу, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністерді уақытында анықтау және олардың теріс салдарларының алдын алу үшін белгіленді.

3. Стандарт принциптері:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің  сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

4. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық өкілеттіктерiн атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.

5. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың шеңберінде:

5.1. Қамтамасыз етеді:

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;

азаматтары мен ұйымдарының өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;

 

 

2

 

азаматтардың құқықтарын iске асырудың және олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз етудiң ең қысқа мерзiмi;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

азаматтың өтiнiшiн қарауды мәселенiң объективтi шешiлуiне мүдделi емес деп ойлауға негiз бар адамға жүктеу жағдайларына;

шағымды берген немесе шағымда мүддесi көзделген адамға зияны тиетiндей етiп шағымның өңiн айналдыруға;

өтiнiште iс-әрекеттерiне шағым айтылған лауазымды адамдарға өтiнiштi жiберуге;

азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиялары туралы мәлiметтердi олардың келiсiмiнсiз жария ету мүмкiндiгiне;

азаматтың өтiнiшке қатысы жоқ жеке басы туралы деректердi анықтауға жол берiлмеуге тиiс.

5.2. Өз құзыретінің шеңберіндегі басқару және басқа шешімдерін қабылдау және дайындау барысында:

барлық құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуді;

лауазымдық өкiлеттiктi атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға бағытталған құқықтық актілерді шығаруға жол бермеудi;

кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуді;

меритократия қағидаттарын сақтауды;

қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауаптылығын қамтамасыз етеді.

5.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезде:

уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол беріледi;

жария талқылау үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыруды қамтамасыз етеді.

5.4. Тіршілік әрекеті саласы тиісті спецификасына байланысты өзге қоғамдық маңызды қатынастар кезінде: 

мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтайды және нығайтады;

жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтайды;

 

3

мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;

өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттеріне жол бермейді;

басшылыққа және (немесе) құқық қорғау органдарына өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы хабарлайды;

қажет болғанда мүдделердің жанжалы туындағаны, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі жеке қызығушылығы туралы, сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысқа және сыйлықтар алуға бейімділігі туралы тікелей немесе тура басшысына хабарлайды;

әріптестер мен басшыларға, олармен әділ қызметтік шешімінің шығарылуына әсер етуге мүмкіндік туғызатын, қарым-қатынастардың бекітілген тәртібін бұзатын құқыққа қайшы келетін өтініштен бас тартады;

қызметтік өкілеттіктерін орындалғанда сыйлықтар қабылдаудан және сыйлаудан  бас тартады;

мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;

егер жақын туысқандық және отбасылық қарым-қатынастардағы адамдар (әке-шешелері, жұбайылары, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары) тікелей қарамағында немесе бақылауында болса, оларды лауазымға тағайындаудан бас тартады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытады;

мемлекеттік қызметші атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде ол жөнінде өзінің тікелей басшысына жазбаша нысанда дереу хабарлайды;  

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақталуын қолдайды;

тұрақты негізінде мүдделердің қайшылықтарының пайда болуы мүмкіндігінің себептері мен шарттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық бұзұшылықтар мен олардың зардаптарын жою бойынша шараларды қолдайды;

қызметтік тәртіпті және қызмет этикасын сақтайды;

басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермейді.

 

4

өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады.

  1. Басшы:

өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болып табылады;

басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады;

қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпейді;

қарамағындағы қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында туындайтын мүдделер дауын реттеу жөніндегі жан-жақты шараларды уақтылы қабылдайды;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі жан-жақты шараларды қабылдайды;

қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан бас тартады;

оның қарамағындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың ахуалы үшін және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу үшін жауапты болады.  

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындау.

7.1. Осы стандарт «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік қызметшілеріне орындау үшін міндетті.

7.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

7.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуына бақылауды мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктеледі.

7.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуы (сақталмауы) туралы ақпарат «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын аттестациялау және бағалау кезінде қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Дата публикации
26 апреля 2024