Кіріспе
Қостанай облысы Бейімбет Майлан ауданының Белинский ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға даму бағдарламасы (әрі қарай - ДБ) онда тұратын тұрғындарға және маңайындағы аймақтардың тұрғындарына лайықты жағдай жасау мақсатымен әзірленген.
Белинский ауылдық округіне 3 елді мекен енген: Қайындыкөл а., Смайыл а., Мақсұт а. Тұрғындар саны 363 адамды құрайды. Аудан орталығынан ауылға дейін – 90 км, ал жақын арадағы Тобыл теміржол стансасына дейін – 65 км.
ДБ экономикалық іс-әрекетті дамытуға, жаңа жұмыс орындарды жасауға және тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруды көздейді.
Белинский ауылдық округі дамуының қазіргі кездегі
жағдайын талдау
Белинский ауылдық округі жерінің жалпы аумағы 16849 га құрайды, соның ішінде ауылшаруашылықтық жерлер – 14950 га құрайды.
Белинский ауылдық округі тұрғындарының саны - 363 адам: Қайындыкөл а. – 170 адам, Смайыл а. – 71 адам, Мақсұт а. – 122 адам. Соның ішінде ерлер – 226 адам, әйелдер – 166 адам, зейнеткерлер – 51 адам, мүгедектер – 9 адам, 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар – 60 адам, оқушылар мен студенттер – 15 адам, жұмыс істейтіндер – 149 адам, өзін өзі жұмыспен қамтушы – 83 адам.
Еңбекке жарамды тұрғындар саны 232 адамды құрайды, соның ішінде 149 адам жұмыспен қамтылды: «Қазақстан алюминийі» АҚ – 20 адам, ЖШС-ға – 5 адам, Ш/Қ-на – 27 адам, жеке кәсіпкерлікте – 12 адам, мемлекеттік және әлеуметтік мекемелерде – 50 адам (мемлекеттік мекемелерде – 5, кітапханада – 2, балабақшада – 4, негізгі мектепте – 23, бастауыш мектепте – 10, денсаулық сақтау объектілерінде – 7 және т.б.).
Белинский ауылдық округінде 9 ЖШС, 26 шаруа қожалығы, 10 жеке кәсіпкер қызмет атқаруда.
Әлеуметтік сала объектілерінен, сыйымдылығы - 40 оқушы, екі тілде сабақ беретін негізгі мектеп жұмыс істеуде, 12 оқушыға арналған орыс тілінде оқытатын бастауыш мектеп, «Достық» демалыс орталығы, ауыл кітапханасы бар.
Ұзындығы 27 км ауыл ішіндегі жолдардың 21,9 км-нде қатты жол төсемі бар, бірақ өте нашар қалпында. Елді мекеннің көшелері толығымен жарықтандырылған.
Ірі қара мал саны - 1887 бас, жылқылар – 1356 бас, қойлар мен ешкілер саны – 1934 басты құрайды.
Белинский ауылдық округі дамуының қазіргі кездегі жағдайын талдау қорытындысы бойынша келесі сәттерін белгілеуге болады:
Белинский ауылдық округінде өнеркәсіптік және қайта өндіру кәсіпорындардың болмағанына байланысты мәселелер туындайды.
Ауыл шаруашылықтың жалпы баяу дамуының негізгі себептері болып табылатындар: оның техника-технологиялық жабдықталуы төмен, ауыл шаруашылық тауар өнімдерінің жеткіліксіз төмен деңгейі, ауыл шаруашылыққа лайықты құнарлы жерлерді пайдаланбау.
Бұның бәрі Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округінің 2024-2025 жылдарға даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларының Жоспарындағы іс-шараларды қабылдау және іске асыру қажеттілігін туындатты.
2024 жылға түрлі тақырыптағы баннерлер орнату, 1,8 миллион теңгеге иесіз ғимаратты бұзу, аумақтарды санитарлық тазалау бойынша жыл сайынғы айлықтарды өткізу жоспарлануда.
Көшелер бойынша орташа жол жөндеу жұмыстары 2025 жылға жоспарланған.
_____________________