2023 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекеменің жұмысы туралы
ЕСЕБІ
«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қайыңдыкөл ауылы, Бейімбет Майлин ауданы Белинская көшесі, 2-үй мекенжайы бойынша орналасқан, телефон 87143635201.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі мемлекеттік қызметтердің бірыңғай Тізілімін құрайды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, бекітілген Стандарттарға сәйкес халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында, «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау туралы» Белинский ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 3 өкімімен Белинский ауылдық округі әкімі аппаратының олардың функционалдық міндеттеріне және қызмет саласына сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетудің орындалуына жауапты мамандары тағайындалды.
«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсететін Мемлекеттік қызметтер тізілімі 5 қызметтен тұрады.
2023 жылы 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:
« Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» бойынша - 1 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орны ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан ақпараттық стенд болып табылады. Стендте «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ауыл әкімі аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауаптыларды тағайындау туралы» ауыл әкімінің өкімі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдау кестесі, мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері орналастырылған. Барлық көрнекі ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған.
«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ресми сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі бар, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, паспорттары орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға жалпы қолжетімділігі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі.
Ауыл әкімі қатысуымен өткізілген кеңестерде келесі мәселелер қаралды:
Бұл азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты алу жеделдігі мен ыңғайлылығының сапалық жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік береді.
Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі уақтылы және сапалы қызмет көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.
Есепті кезеңде қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан ауылдық округ әкімінің аппаратына шағымдар түскен жоқ.
Әкім аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділігі мен сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру перспективаларына мыналар жатады:
- заңдылық, көрсетілетін қызметті алушылардың сұраныстарына жедел ден қою, ашықтық, тиімділік және нәтижелілік қағидаттарына негізделген ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі, ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру.
Жалпы, 2023 жыл ішінде жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталды. Қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, кемшіліктерді жою және проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі нысаналы жұмыс мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақтылық және сапа өлшемдері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.
________________________