GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
04 февраля 2025
Халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында Әділет министрлігі «100 сұрақ – 100 жауап» анықтамалығын әзірледі.

Халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында

азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында Әділет министрлігі

«100 сұрақ – 100 жауап» анықтамалығын әзірледі.

 

№ п/п

Сұрақ

Жауап

Бөлім: Адам құқықтарын қорғау

1.      

«111» отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сенім телефонының бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы не үшін қажет?

«111» Байланыс орталығы «мұнда және қазір» қағидаты бойынша ұйымдастырылған, әр жағдайға жеке көзқараспен қарайды. Байланыс орталығы азаматтарға келесі мәселелер бойынша көмек көрсетеді:

- әділдікті қалпына келтіру және емделуге қол жеткізу;

- мемлекеттік қызметтер мен жәрдемақылар алу;

- ақпараттық сұраулар;

- тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау;

- балалары бар әйелдерді уақытша орналастыру;

- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарына шағымдар;

- алаяқтық жолмен заңсыз кредиттерді ресімдеу кезінде көмек;

- оқыту, жұмысқа орналастыру бағдарламалары бойынша түсіндіру және тағы басқалар.

Өтініш берушілердің мәселелерін шешу кезінде байланыс орталығының қызметкерлері мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды. Байланыс орталығының жұмыс режимі-тәулік бойы.

2.      

Тегін заң көмегіне қайда жүгінуге болады?

Қазақстанда тегін заң көмегін мемлекеттік құқықтық көмек орталықтары (сенім телефоны арқылы жүгінуге болады: 1414 немесе 119), сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін қылмыстық және кейбір азаматтық істер шеңберінде мемлекет тағайындайтын адвокаттар, заң консультанттары ұсынады.

3.      

Сотқа талап қою үшін мемлекеттік баждың қанша сомасын төлеу керек?

Әкімшілік талап арыздар мен өтініштер беру үшін мемлекеттік баж мынадай түрде айқындалады:

1) мүліктік сипаттағы талап-арыздар үшін – жеке тұлғалар талап қою сомасының 1%, бірақ               10 000 АЕК артық емес; - заңды тұлғалар-талап қою сомасының 3%, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайды.

2) мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағымдар: - жеке тұлғалар - 0,3 АЕК; - заңды тұлғалар -      5 АЕК.

3) салықтық хабарламаларға дау айту жөніндегі әкімшілік талап-арыздар үшін: - ЖК және фермерлер үшін: соманың 0,1%, бірақ 500 АЕК-тен аспайды; - заңды тұлғалар үшін: соманың 1%, бірақ             20 000 АЕК артық емес.

4.      

Азаматтық сот ісін жүргізуде талап арызды қайда беруге болады?

Талап арыз жауапкердің тұрғылықты жері бойынша (жеке тұлғалар үшін) немесе заңды тұлғаның немесе ұйымның құжаттарында көрсетілген мекенжай бойынша сотқа беріледі.

5.      

Азаматтық іске қатысатын тұлғалардың құрамына кімдер кіреді?

Іске қатысушы тұлғалар талапкерлер, жауапкерлер, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, өтініш берушілер және сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша өзге де мүдделі тұлғалар болып табылады.

6.      

Сот процесіне өзі (немесе өкіл арқылы) қатыса ала ма?

Азаматтар өз істерін сотта өзі немесе өкілдер арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске жеке қатысуы оның осы іс бойынша өкіл болу құқығынан айырмайды.

7.      

Сот процесін тағайындау туралы тараптарға қалай хабарланады?

Іске қатысушылар мен олардың өкілдерін шақыру қағаздары, электрондық поштаға хабарламалар, телефон нөмірлері немесе хабарламаны тіркей отырып, басқа да құралдар арқылы соттың немесе іс жүргізу әрекетінің уақыты мен орны туралы хабардар етеді.

8.      

Қандай жағдайларда талап арызды қабылдаудан бас тартады?

Судья талап қоюдан бас тартады, егер:

1) іс азаматтық сотта қаралуға жатпаса;

2) сол тараптар арасында осы дау бойынша істі тоқтату туралы сот шешімі немесе ұйғарым болғанда;

3) сот осы дау бойынша төреліктің шешімі туралы білсе;

4) Тараптар арасында жасалған атқарушылық жазба болса.

9.      

Сот шешіміне қалай шағымдануға болады?

Сот шешіміне шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде түпкілікті нысанда шағымдануға болады. Шешімнің көшірмесін алған күннен бастап талқылауға қатыспаған тұлғалар үшін.

10.                        

Азаматтық істер қандай мерзімде қаралады?

Азаматтық істер сотпен, істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екі ай ішінде қаралады және шешіледі. Азаматтық істердің жекелеген санаттары үшін қарау және шешу мерзімдері өзгеше болуы мүмкін.

11.                        

Апелляциялық шағым беру мерзімі өтіп кеткен жағдайда не істеуге болады?

Процессуалдық мерзімдер өтіп кеткен жағдайда, олардың себебі дәлелді деп танылса, сот мерзімді қалпына келтіре алады. Апелляциялық шағым мерзімін қалпына келтіру туралы өтініш бірінші сатыдағы сотқа, құқық бұзылғанын өтініш беруші білген күннен бастап бір ай ішінде беріледі. Өтінішке қоса:

-  құқықтарды қорғау туралы талап;

-  мерзімді өткізіп алу себебін дәлелдейтін құжат берілуі тиіс.

12.                        

Рұқсат беру құжаттарын алу үшін лауазымды тұлға пара беруді меңзесе не істеу керек?

1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалып, лауазымды тұлғаның пара беруді меңзегені туралы хабарлаңыз.

13.                        

Әкімшілік айыппұлдың бар-жоғын қайдан және қалай тексеруге болады?

Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын Qamqor.gov.kz сайтынан тексеруге болады. Сондай-ақ бұл сайтта құқық бұзушылықтың фотосуреті мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы көру мүмкіндігі бар.

14.                        

Ақпаратқа қол жеткізуге қандай жағдайларда бас тартылады?

ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес ақпаратқа қол жеткізуден бас тартылады:

-  сұрау мазмұны запрашиваемая ақпаратты анықтауға мүмкіндік бермесе;

-  сұрау заңнама талаптарына сәйкес келмесе;

-  сұратылған ақпарат шектеулі қолжетімділікке жатса;

-  сұрау салуда ақпарат иесінің актілеріне құқықтық баға беру, қызметін талдау немесе бағынышты органдар мен ұйымдар жұмысына талдау жүргізу туралы сұрақ қойылса.

15.                        

Адам саудасының құрбаны болмас үшін шетелде жұмыс істеу ұсынылса, не білу қажет?

 

1.  Жұмысты ұсынған агенттіктің заңды жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.

2.  Шетелге шығудан бұрын еңбек шартына қол қойыңыз. Шартта жұмыстың, тұрғын үйдің, төлемақы мен медициналық сақтандырудың шарттары көрсетілуі тиіс.

3.  Шартты мұқият оқып шығыңыз, бір түпнұсқасы өзіңізде қалуы керек.

4.  Жұмыс визасын алыңыз, туристік виза жұмыс істеуге құқық бермейді.

5.  Құжаттарыңызды көші-қон қызметі мен құқық қорғау органдары өкілдерінен басқа ешкімге қандай жағдай болса да бермеңіз. Паспорт тек Сізге тиесілі екенін ұмытпаңыз.

16.                        

Алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, келесі қадамдарды орындаңыз:

-  барлық хабарламаларды, электрондық хаттарды, хат алмасулардың скриншоттарын және алаяқтыққа қатысты кез келген дәлелдемелерді сақтаңыз;

-  жақын маңдағы полиция бөліміне арыз жазыңыз. Арызда оқиғаны барынша толық сипаттап, барлық қолда бар дәлелдерді қоса көрсетіңіз.

17.                        

Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алса не істеу керек?

ЖКО кезінде жүргізуші:

1.  дереу тоқтап, көлікті орнынан қозғамауы, апаттық сигнализацияны қосып, апатты тоқтау белгісін орнатуға, сондай-ақ ЖКО-ға қатысты заттарды қозғамауға;

2.  ЖКО туралы полиция бөлімшесіне хабарлап, куәгерлердің деректерін жазып алып, полиция қызметкерлерінің келуін күтуге;

3.  егер басқа көліктердің қозғалысы мүмкін болмаса, жолдың жүріс бөлігін босатуға;

4.  көлік құралының орналасуын, оқиғаға қатысты іздер мен заттарды тіркеу

Сонымен қатар ЖКО болғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде өзіңіздің сақтандыру компанияңызды хабардар ету қажет.

18.                        

Салынған айыппұлды онлайн режимде қалай шағымдауға болады?

Айыппұлды өз бетінше Qamqor.gov.kz порталы арқылы шағымдануға болады. Qamqor.gov.kz сайтының басты бетінде «Әкімшілік құқық бұзушылықтарды шағымдану» қызметін таңдап, «Әкімшілік істер бойынша шағымдар беру» батырмасын басыңыз және ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.

Айыппұлды төлеу туралы ұйғарымға немесе айыппұл салу туралы қаулыға шағым оларды құрастырған/шығарған органға беріледі.

19.                        

Жеке куәлікті жоғалтқан жағдайда не істеу қажет?

Егер жеке куәлігіңіз жоғалса немесе ұрланған болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кез келген бөлімшесіне келесі құжаттармен (ХҚКО) жүгінуге болады:

Жоғалған жағдайда:

1.  жеке куәлікті қалпына келтіру туралы өтініш (жоғалту жағдайларын көрсету қажет);

2.  мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) немесе баж салығынан босатылғандығын растайтын құжат;

3.       Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (егер болса).

Ұрланған жағдайда:

1.  жеке куәлікті ұрлау немесе ұрлау туралы қылмыстық қудалау органынан алынған талон-хабарлама;

2.  мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) немесе баж салығынан босатылғандығын растайтын құжат;

3.  Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (егер болса).

20.                        

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет?

Егер жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды жоғалтсаңыз, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша ХҚКО-ға немесе онлайн қызмет арқылы өтініш беруге болады. Өтінішке келесі құжаттарды қоса беру қажет: жеке куәлік; дубликат беру үшін мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек немесе төлем чегі. Қызмет көрсету мерзімі – өтініш келіп түскен сәттен бастап          3 жұмыс күні.

21.                        

Тұтынушы сапасыз тауар сатып алғанда қандай құқықтарға ие?

Егер Сізге сапасыз тауар сатылса және оның ақаулары сатушы тарапынан ескертілмесе, тұтынушы келесі құқықтарға ие:

-  сатып алу бағасын пропорционалды түрде төмендетуді талап ету;

-  тауардың ақауларын тегін жоюды талап ету;

-  ақауларды жоюға кеткен шығындарды өтеуді талап ету;

-  сол марка, үлгі немесе артикулдегі тауарға айырбастауды талап ету;

-  басқа марка, үлгі немесе артикулдегі осындай тауарға айырбастауды талап ету (сатып алу бағасын қайта есептеу арқылы);

-  шартты бұзып, тауар үшін төленген ақшаны қайтаруды талап ету.

22.                        

Егер сатушы сапасыз тауарды қайтарып алудан бас тартса, өз құқықтарыңызды қалай қорғауға болады?

Сатушыға жазбаша шағыммен жүгініп, ақшаны қайтаруды немесе тауарды айырбастауды талап ете аласыз. Егер сатушы бас тартса, Тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша аумақтық департаментке шағымдануға болады.

23.                        

Коммуналдық қызметтер бойынша қате есептеу нәтижесінде айтарлықтай сома артық төленгені  анықталса не істеу керек?

Егер қате есептеу нәтижесінде артық төлем жасалса, коммуналдық компанияға жазбаша өтінішпен жүгініп, есептеу қайта қарауды және артық төленген қаражатты қайтаруды талап етіңіз. Егер компания қатені түзетуден бас тартса, жергілікті атқарушы органға және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне шағым түсіруге болады. Сондай-ақ сотқа талап арыз беріп, артық төленген қаражатты қайтаруды және моральдық шығынды өтеуді талап етуге құқығыңыз бар. Дұрыс есептелмегенін  және артық төленгенін растайтын құжаттарды жинау маңызды.

Бөлім: Кәсіпкерлік

24.                        

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қалай жүгінуге болады?

Сіз Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 1432 телефоны арқылы жеке хабраласып, info@atameken.kz электрондық пошта немесе atameken.kz ресми сайты арқылы жүгіне аласыз.

 

25.                        

Уәкілетті органдар тарапынан тексеру жүргізілген кезде кәсіпкер не білуі керек?

Уәкілетті органдар тарапынан тексеру тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі, ол заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Тексерудің басталуы тексеру тағайындау туралы актінің тапсырылған  күнінен басталады. Тексеруші лауазымды тұлғалар келесі құжаттарды көрсетуі тиіс: тексеру тағайындау туралы акт және оның тіркеу белгісі; қызметтік куәлік; қажет болған жағдайда нысанды мекемеге кіруге рұқсат құжаты және т.б. Кәсіпкер тексеру тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері актісіне және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне шағымдануға құқылы.

26.                        

Тексерулерді тіркеу туралы ақпаратты қай сайттан көруге болады?

Тексерулерді тіркеу туралы ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан (Qamqor.gov.kz) алуға болады.

27.                        

Тексеру кезінде мемлекеттік органның қызметкерлері Сізге қажетті құжаттарды ұсынбады. Мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керек?

Құжаттарды жазбаша түрде сұрату қажет. Егер қызметкерлер бас тартса, жоғары тұрған органға немесе прокуратураға жүгіну керек.

28.                        

Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізгу кезінде кәсіпкерлік субъектісі не білуі керек?

Алдын алу және профилактикалық бақылау тексеру кезінде бақылау және қадағалау субъектісіне (нысанына) бару арқылы тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексерілуге жатады. Тексеру парағына енгізілген талаптар келесі өлшемшарттарға сәйкес болуы керек:

1)  адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлкін қорғауға, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін қызметпен байланысты болуы;

2)  талаптардың сақталуын визуализация, зертханалық зерттеу, тексеру және қарау, сондай-ақ растаушы құжаттардың мүмкіндігі;

3)  бар-жағын тексеру талаптардың жалпы сипатта болмауы және басқа нормативтік актілерге сілтеме жасамауы;

4)  бірнеше мемлекеттік орган тарапынан талаптардың қайталануына жол берілмеуі.

Бақылау және қадағалау органы тексерудің басталуы туралы кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын, жоспардан тыс тексеру үшін 1 күн бұрын хабарлануы тиіс.

29.                        

Кедендік тексерудің түрлері, мерзімдері және тексеру нысандары қандай?

Кедендік тексеру камералдық немесе көшпелі түрде жүргізілуі мүмкін. Кедендік тексеру жүргізу барысында кеден органдары тексере алады:

- тауарлардың кедендік рәсімімен орналастырылғанын растау;

- кедендік декларацияда және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын;

- шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану немесе иелену шектеулерінің сақталуын;

- кеден саласында қызмет атқаратын тұлғалардың кедендік заңнамада көзделген міндеттерін орындауын;

- уәкілетті экономикалық оператордың уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу шарттарының сақталуы және кеден заңнамасында көрсетілген басқа да міндеттерді орындауы;

- тауарларды кедендік рәсімдерге сәйкес пайдалану шарттарының және кеден заңнамасында белгіленген басқа да талаптардың сақталуын.

Камералдық кедендік тексеру жүргізу мерзімі тексеру басталғаны туралы тексерілуші тұлғаға хабарлама жіберілген күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Көшпелі кедендік тексеру мерзімі екі айдан аспауы қажет.

Кедендік заңнаманың бұзылғаны анықталған жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарлама беріледі. Мұндай хабарламаны орындау мерзімі оны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды.

Тексерілуші тұлға хабарламаны отыз жұмыс күн ішінде шағымдай алады. 

30.                        

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін құжаттарды қайда тапсыру керек?

 

Құжаттарды электрондық форматта, Электрондық үкімет веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» МК» АҚ (ХҚКО) арқылы тапсыру қажет. Құжаттар әлеуметтік қолдау шараларын көрсету немесе кезекке қою мәселесін қарау үшін тапсырылады.

31.                        

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруға/субсидиялауға арналған мемлекеттік қолдау құралдары қандай?

Мемлекет кәсіпкерлерді қаржыландыру/субсидиялау бойынша түрлі бағдарламаларды жүзеге асырады. Мысалы, «Бірыңғай кешенді бағдарлама». Бұл бағдарламаның қаржылық операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.

Бағдарлама бағыттары мен өлшемшарттары туралы толық ақпаратты damu.kz сайтынан алуға болады.

32.                        

АӨК кәсіпорындарын субсидиялаудың өлшемшарттары қандай?

АӨК дамыту субсидиялау қағидаларына сәйкес, әрбір қызмет түріне қатысты жеке өлшемшарттар белгіленген. Негізгі жалпы өлшемшарттар ІҚМ/ҰҚМ жеткілікті санының болуы немесе тиісті инфрақұрылымның болуы.

33.                        

Бизнесті ашуға грантты қалай алуға болады?

Мемлекеттің азаматтарға бизнес бастауға мүмкіндік беретін, жолдары:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқыту;

- жеке ісін ашуға қайтарымсыз гранттар беру.

Жобаны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» жүзеге асырады. Қатысушылар кәсіпкерліктің негіздерін оқып, қаржы институтынан қаражат алып қана қоймай, бизнес-жоспар әзірлеу, жобаны қорғау және қолдау бойынша көмек ала алады.

34.                        

Жеке ұйымдардың қызметкерлеріне (мысалы, ЖШС, ШҚ, ЖК және т.б.) көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие шаралары көрсетіле ме?

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы мамандарға, сондай-ақ ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларында маман жұмыс істейтін ұйымның меншік нысанына талаптар көзделмеген. Осыған байланысты, жеке ұйымдарда жұмыс істейтін мамандар әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін өтініш бере алады.

35.                        

ЖК қалай ашуға болады?

ЖК ретінде тіркелу үшін жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаны салық органына тапсыру қажет. Хабарламаны мынадай тәсілдермен тапсыруға болады:

- электронды түрде – Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялау порталы e-license арқылы;

- қағаз түрінде – жүгіну тәртібімен қызмет көрсету орталықтары немесе «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы;

- «E-Salyq business» мобильді қосымшасы арқылы.

Хабарлама беру қызметі тегін көрсетіледі. Салық органы 1 жұмыс күні ішінде ЖК ретінде тіркеу жүргізеді.

36.                        

Жаупкершілік шектеулі серіктестігі қалай тіркеледі?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін тиісті әділет органына құрылтай құжаттарын қоса отырып, белгіленген форма бойынша өтініш беру қажет.

37.                        

Шаруа (фермерлік) қожалығы жер учаскесін пайдалану құқығын қалай ала алады?

Жер учаскелері шаруа немесе фермерлік қожалықты жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс негізінде беріледі. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арқылы жүзеге асырылады.

 

38.                        

Қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде қалай тіркелуге болады?

Қосылған құн салығын төлеуші ретінде мемлекеттік кірістер органына тіркелу үшін электрондық үкімет веб-порталы арқылы немесе салық органдарына белгіленген үлгідегі өтініш беру арқылы тіркелуге болады.

39.                        

Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне қалай тіркелуге болады?

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне ену үшін кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органға өтініш беру қажет. Тізілім 31-желтоқсандағы жағдай бойынша келесі жылдың 1-ақпанына дейін бекітіледі.

40.                        

Тауар жеткізу бойынша шарт жасалды, жеткізуші төлемді қолма-қол талап етеді. Бұл заңды ма?

Келісім сомасы айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын мәмілелер бойынша төлемдер ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Егер мәміле сомасы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асса, төлем тек қолма-қол емес тәртіппен жасалуы қажет.

41.                        

Қолма-қол емес тәртіппен есеп айырысуды қабылдаудан бас тартқаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын қолдану арқылы төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген: алғаш рет бұзғаны үшін – ескерту, қайтадан бұзғаны үшін – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 60 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 80 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

42.                        

Мен тауар сатып алғаным үшін қолма-қол емес төлем қабылдамауға құқым бар ма?

Қолма-қол емес төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады, себебі заңнамада төлемнің әртүрлі тәсілдері – банктік картамен, QR төлеммен немесе қолма-қол ақшамен төлеу мүмкіндігі көзделген.

43.                        

Кәсіпорынның екінші деңгейлік банк алдындағы жалақы қоры бойынша үлкен кредиторлық және салықтар бойынша қарызы бар. Кәсіпорынды төлем қабілетсіздігіне жеткізбеу үшін қандай шаралар қабылдау қажет?

Шаруашылық субъектісін сауықтырудың бірнеше тәсілі бар. Олар – қарызды қайта құрылымдау, оңалту ресімін қолдану және салықтық қарызды төлеу мерзімдерін өзгерту.

 

44.                        

Сіздің кәсіпорын банктың заңсыз әрекеттер салдарынан несие ала алмай жатыр. Өз құқықтарыңызды қалай қорғауға болады?

Банктің әрекеттеріне шағымдану үшін барлық қажетті құжаттар мен дәлелдерді ұсына отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жүгіну қажет. Егер мәселе шешілмесе, сотқа арыздану қажет.

45.                        

Мен бизнес үшін ғимарат жалдаймын, ал жалға беруші алдын ала ескертусіз жолдау ақысын көтерді. Бұл заңды ма?

Жалдау шарттарының барлық өзгерістері, соның ішінде жалдау төлемін көтеру шартта көрсетілуі тиіс. Егер жалға беруші шарт талаптарын бұзса, сотқа жүгінуге болады.

 

46.                        

Сіз бизнесіңізге рейдерлік басып алу қаупі бар деп күдіктенесіз. Қандай қорғау шараларын қабылдауға болады?

Тез арада құқық қорғау органдарына немесе Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенге» жүгіну қажет.

47.                        

Жеткізуші келісімшарт шарттарын бұзып, тауарды уақытында жеткізбеді. Құқықтарыңызды қалай қорғауға және шығындарды қалай өтуге болады?

Жеткізушіге ресми талап (наразылығы) жіберіп, міндеттемелерді орындауды немесе залалдарды өтеуді талап ету қажет. Егер бұл нәтиже бермесе, сотқа шағымдану керек.

48.                        

eGov.kz порталындағы цифрлық құжат дегеніміз не?

Цифрлық құжат – құжаттың түпнұсқа аналогы. Цифрлық құжатты табу үшін:

1.  Қосымшаға кіріп, басты бетте «Цифрлық құжаттар» батырмасын басу қажет.

2.  Құжаттар тізімін жаңартып, цифрлық құжатты көру үшін қолжетімді болады.

Бөлім: Еңбек қатынастары

49.                        

Жас ерекшелігіне байланысты жұмысқа қабылдауда кемсітушілік тап болсаңыз, не істеу керек?

Ұйымның кадр бөліміне жүгініп, жұмысқа қабылдаудан бас тарту себептерін түсіндіруді сұраңыз. Егер себептер анық кемсітушілік болса, аумақтық еңбек инспекциясына шағым түсіруге болады. Сондай-ақ кәсіподаққа немесе еңбек құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдарға көмек пен кеңес алу үшін жүгінуге болады.

50.                        

Еңбек шартының болмауы қандай салдарға әкеледі?

Егер еңбек шарты мүлдем жасалмаса немесе дұрыс ресімделмесе, бұл жұмыс берушінің кінәсі болып табылады және ол заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындаған болып есептеледі.

Сонымен қатар, еңбек шартының дұрыс ресімделмеуі көбінесе еңбек даулары туындағанда оның шарттарын дәлелдеуді қиындатады және жұмыс берушінің өз құқықтарын асыра пайдалануына әкелуі мүмкін.

51.                        

Қосымша жұмыс істеуден бас тартуға бола ма?

Жұмыс беруші қызметкерді қосымша жұмысқа тек жазбаша келісімімен ғана тарта алады. Еңбек кодексінде қызметкердің келісімінсіз қосымша жұмысқа тартуға болатын ерекше жағдайлар қарастырылған:

-  елді қорғау үшін қажетті жұмыстарды орындау;

-  төтенше немесе әскери жағдай енгізілген кезде;

-  төтенше жағдайлар, табиғи апаттар немесе өндірістік апаттарды болдырмау және олардың салдарын шұғыл жою үшін;

-  карантин енгізілгенде және басқа шектеу шаралары қолданылғанда;

-  сумен, газбен, жылумен, электр энергиясымен және басқа өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысын қалпына келтіру үшін;

-  ауысымдық жұмыскер жұмысқа келмеген жағдайда, жұмысты үзбеу қажет болғанда.

Бұл жағдайлар болмаған кезде, жазбаша келісімі жоқ қызметкерді қосымша жұмысқа тартуға болмайды.

52.                        

Қосымша жұмысты орындаудан бас тартуға бола ма?

Қызметкер қосымша жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы, ал жұмыс беруші оның орындалуын тоқтату туралы тапсырманы тоқтатуға міндетті. Бұл туралы екінші тарапқа қосымша жұмыс аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлануы тиіс.

53.                        

Жұмыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қай күннен бастап алуға болады?

Жұмыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу құқығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап туындайды.

 

54.                        

Жұмыс беруші жарақат алған қызметкерге тергеу материалдарын ұсынуға міндетті ме?

Жарақат алған қызметкер немесе оның өкілі жұмыс қызметімен байланысты жазатайым оқиғаның барлық тергеу материалдарымен танысуға және қажетті үзінділерді алуға құқылы.

55.                        

Қандай жағдайларда жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті?

Жұмыс беруші қызметкерді келесі жағдайларда жұмыстан шеттетуге міндетті:

-  уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде;

-  жұмыс кезінде алкогольдік, есірткілік немесе токсикомандық масаң күйде болғанда немесе жұмыс күні ішінде осындай жағдайды тудыратын заттарды қолданған жағдайда;

-  еңбек және өндірістік қауіпсіздігі бойынша білімдерін тексеру емтихандарын тапсырмаған жағдайда;

-  жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап берген жеке және ұжымдық қорғау құралдарын пайдаланбаған жағдайда;

-  міндетті медициналық тексеруден немесе алдын ала медициналық тексеруден өтпеген жағдайда;

-         оның әрекеті немесе әрекетсіздігі өз өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа қызметкерлерге елеулі қауіп төндірген жағдайда.

56.                        

Жұмыс беруші қандай жағдайда жүкті және балалары бар әйелдермен өз бастамасымен еңбек шартын бұза алмайды?

Жүкті екенін растайтын анықтаманы ұсынған жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (немесе он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналармен, сондай-ақ осындай балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа адамдармен еңбек шартын бұзуға болмайды.

57.                        

Қандай жағдайда жұмысшының келісімінсіз демалыс күндері жұмысқа тартуға болады?

Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері келесі жағдайларда жұмысқа тартуға болады:

-  төтенше жағдайларды, табиғи апаттарды немесе өндірістік апаттарды болдырмау немесе олардың салдарын жою үшін;

-  жұмыс қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің зақымдануы немесе жоғалуының алдын алу және тергеу үшін;

-  ұйымның немесе оның бөлімшелерінің қалыпты жұмысы үшін шұғыл және алдын ала болжанбайтын жұмыстарды орындау қажет болғанда.

58.                        

Қандай еңбек даулары келісім комиссияларында, ал қайсысы сотта қаралады?

Келісім комиссияларында жұмыс беруші мен қызметкер арасында туындайтын барлық жеке еңбек даулары қаралады, бірақ келесі жағдайлардан басқа микрокәсіпкерлік субъектісі, 15 адамнан аспайтын қызметкерлері бар коммерциялық емес ұйым, үй жұмыскерлері, заңды тұлғаның жалғыз атқарушы органы немесе оның басқарушы органдары мүшелері арасындағы даулар.

Егер келісім комиссиясында дау шешілмесе немесе оның шешімі орындалмаса, дау сотта қаралады.

59.                        

Келісу комиссиясына немесе сотқа жүгінуде қандай мерзімдері көзделген (сотқа дейінгі міндетті реттеу кезінде)?

Жеке еңбек даулары бойынша келісім комиссиясына немесе сотқа жүгінудің келесі мерзімдері белгіленеді:

1)   жұмысқа қайта орналастыру туралы даулар бойынша – келісім комиссиясына жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесін алған күннен бастап бір ай ішінде, ал сотқа – келісім комиссиясының шешімін алған күннен бастап екі ай ішінде;

2)   басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер өз құқығының бұзылғанын білуі керек болған күннен бастап бір жыл ішінде.

60.                        

Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алуға кімнің құқығы бар?

Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және балаға (балаларға) күтім жасауды жүзеге асыратын тұлғаға бала бір жарым жасқа толғанға дейін тағайындалады.

Егер баланы бірнеше адам күтіп жатса, әлеуметтік төлем тек бір адамға тағайындалады.

Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда, әр бала үшін жеке әлеуметтік төлем тағайындалады.

61.                        

Егер жұмыс беруші жалақы төлеуден бас тартқан жағдайда не істеу керек?

Жұмыс берушіге шағым хат жіберіп, оған сіздің компанияда жұмыс істегеніңізді растайтын құжаттарды (жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар, жұмыс уақытын есепке алу табелдері, есеп айырысу парақтары және т.б.) қоса ұсыныңыз.

Еңбек инспекциясына жүгініп, шағым жазыңыз. Сондай-ақ жалақы бойынша қарызды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінуге болады.

Бөлім: Қаржылық қауіпсіздік және алаяқтықтан қорғау

62.                        

Қаржылық пирамидаға тап болған жағдайда не істеу қажет?

 

Егер сіз қаржылық пирамидаға тап болғаныңызға күмәндансаңыз, тұрғылықты жеріңіздегі құқық қорғау органдарына дереу жүгініңіз. Сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Call-орталығының 1459 қысқа нөміріне (жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін) хабарласуға болады.

63.                        

Өзіңіз алмаған несие анықталған жағдайда не істеу керек?

1)   Несие алынған қаржы ұйымының атауын анықтаңыз.

2)   Сол ұйымға жағдайды нақты сипаттап, құжаттардың жоғалғаны туралы анықтаманы қосып, ішкі қызметтік тексеру жүргізуді талап етіп, өтініш жазыңыз.

3)   Шарттың көшірмелерін, қосымшаларын, куәландыратын құжаттарды және ақшаның аударылған шоттың деректерін алыңыз.

4)   Егер ұйым құжаттарды беруден бас тартса, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым жазыңыз.

5)   Егер алаяқтардың кінәсі дәлелденбесе, мәмілені жарамсыз деп тану үшін сотқа талап арыз беріңіз.

6)   Сот шешімі сіздің пайдаңызға шешілгеннен кейін ұйым қарызды жойып, несие тарихын түзетуге міндетті.

64.                        

Өз несие тарихын қалай тексеруге болады?

Заң бойынша Қазақстанның әрбір азаматы жылына бір рет несие тарихын тегін тексере алады. Бір жыл ішінде қайталанған сұраным үшін қызмет құны 400 теңгені құрайды.

Онлайн режимінде қызмет алу жолдары:

- бірінші несие бюросының сайты немесе 1CB.kz мобильді қосымшасы арқылы (ЭЦҚ қажет);

- eGov.kz электрондық үкімет порталының онлайн қызметі арқылы.

Офлайн режимінде қызмет келесі мекемелерде жеке куәлікті көрсету арқылы ұсынылады:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдарында;

- «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде.

65.                        

Телефон алаяқтары мен киберқылмыскерлерден қалай қорғануға болады?

1) Егер алаяқтар «банк қауіпсіздік қызметінен» қоңырау шалса:

 - диалогқа түспеңіз және телефон тұтқасын қойыңыз;

- ешқашан құпия сөздерді, SMS-кодтарды, пин-кодтарды немесе CVV/CVC-кодтарды айтпаңыз;

- қоңырауды аяқтап, шоттарды тек ресми банк қосымшалары арқылы тексеріңіз.

2) Егер алаяқтар өз нөмірін сіздің жақындарыңыздың нақты нөміріне ауыстырып, жедел мәселені шешу үшін ақша аударуды сұраса:

- саспаңыз және ақша жібермеңіз;

- тікелей жақындарыңызбен байланысыңыз;

- полицияға жүгініңіз.

3) Егер әлеуметтік желілерде немесе телефонға бейтаныс нөмірлерден ақша, сыйлық немесе басқа пайда алу туралы хабарлама келсе:

- хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз;

- хабарламаларға жауап бермеңіз және өтініштерді орындамаңыз;

- интернетке қосылатын барлық құрылғыларыңызға антивирус орнатыңыз.

66.                        

Жеке деректерді қалай қорғауға болады?

Жеке деректерді қорғау үшін алты айға несие және микронесиелерді ресімдеуге тыйым салуға болады. Ол үшін eGov mobile немесе eGov.kz арқылы өтініш беріңіз. Мұндай шектеуді автоматты түрде алып тастауға болады.

67.                        

Егер жеке деректер келісімісіз интернетте жарияланған жағдайда не істеу керек?

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне kib@mdai.gov.kz электрондық поштасына хат жазып немесе 8 (7172) 74-99-80 нөміріне хабарласуға болады.

68.                        

Мемлекеттік реестрде сақталған жеке деректердегі қателікті анықтаған жағдайда не істеу қажет?

Сіз тиісті мемлекеттік органға (мысалы, АХАЖ, төлқұжат бөлімі немесе салық инспекциясы) жеке деректерге түзетулер енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуіңіз керек. Дұрыс деректерді растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Егер қате түзетілмесе, жоғары тұрған органға жүгіне аласыз.

Бөлім: Әлеуметтік қамтамасыз ету

69.                        

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны алуға кімдер құқылы?

Төрт және одан да көп бірге тұратын балалары бар отбасылар жәрдемақы алуға құқылы, олардың қатарына мыналар жатады:

-  кәмелетке толмаған балалар;

-  күндізгі бөлімде білім беру бағдарламалары бойынша (мектеп, колледж, университет) оқитын 18 жастан асқан балалар (оқу аяқталғанға дейін).

70.                        

Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін қалай алуға болады?

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға үшін жолдамаларды беру https://indigo24.kz автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналар өз баласының ЖСН енгізу арқылы жолдаманы өз бетінше ала алады. Басымдықты қолжетімділік ашылған өтініш берушілер бос органдар туралы ақпаратты қарап, егер қазығушылық танытса, өздері таңдаған мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін электрондық жолдаманы өз бетінше алады. 

71.                        

Мүгедектік санаты болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді үйде қалай алуға болады?

1 және 2-топтағы мүгедектігі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу үшін 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып, өтінім қалдыра алады. Өтінімде өз аты-жөні, қажетті мемлекеттік қызметтің атауы, байланыс телефондарын (туыстарының, көршілерінің, әлеуметтік қызметкерлердің және т.б.) көрсету қажет.

72.                        

Тегін медициналық көмекті кімдер ала алады?

Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмекті (ТМККК) шеңберінде тегін алуға құқылы.

73.                        

Емханаға қалай тіркелуге болады?

Сіз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАҚ) көрсететін ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, емханаға тіркеле аласыз.

Емханаға тіркелу онлайн түрде электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

74.                        

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп кімдер танылады?

Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі болмаған жағдайда келесі шарттарға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады:

1)   Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйі жоқ болса;

2)   сатып алу құқығынсыз берілген жалға алынған тұрғын үйі жоқ болса;

3)   тұрып жатқан тұрғын үйі санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

4)   біріккен, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі немесе одан да көп отбасы бірге тұрса;

5)   отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болса.

75.                        

Алиментті сот тәртібімен өндіріп алу құқығы қандай жағдайларда туындайды?

Ата-аналар балаларды күтіп-бағу қалай жүзеге асыртылатынын өзара шеше алады. Егер алимент туралы нотариалды куәландырылған келісім болмаса, сотқа жүгінуге болады. Егер мұндай келісім бар болса, алиментті тек келісім бұзылған жағдайда ғана өндіріп алуға болады.

76.                        

Бұрынғы жұбайын асырау міндеттемелері қандай жағдайларда туындайды?

Қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан сот тәртібімен алимент талап ету құқығына келесі тұлғалар ие:

1)  бұрынғы жұбайы жүктілік кезеңінде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін;

2)  ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып отырған, сондай-ақ бала он сегіз жасқа толғаннан кейін оған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;

3)  еңбекке жарамсыз, мұқтаж және некені бұзғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған бұрынғы жұбайы.

Бөлім: Миграция және азаматтық

77.                        

Көші-қон жол бермеу заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін не істеу керек?

Көші-қон заңнаманы бұзудың алдын алу үшін азаматтарға келесі әрекеттерді орындау ұсынылады:

-   жаңа тұрғылықты мекенжайда немесе уақытша болу орнында уақтылы тіркелу;

-   тұрғын үй иелері тек нақты тұратын адамдарды тіркеу және кеткендерді тіркеуден шығару;

-   тұрғын үйде тіркелген адамдар санын электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте өз бетінше тексеру.

78.                        

Қазақстанның көші-қон қызметіне қалай тіркелуге болады?

eGov.kz порталына кіру қажет;

1)  «Қызметтер» бөлімін ашып, «Шетел азаматының келуі туралы хабарлама» қызметін таңдау;

2)  ҚР виза-миграциялық порталы ашылады, ондағы нұсқауларды орындаңыз;

3)  Шетел азаматы туралы және қажет болған жағдайда оның балалары туралы мәліметтерді толтырыңыз;

4)  ЭЦҚ арқылы толтырылған форманы растаңыз.

79.                        

Қандас мәртебесін ҚР шетелдік өкілдіктері арқылы қалай алуға болады?

1)  ҚР-нан тыс жерде тұратын этникалық қазақ жергілікті атқарушы органнан қандас мәртебесіне келісім алу үшін шетелдік өкілдікке өтініш береді.

2)  Шетелдік өкілдік өтініш берушіге оның өтінішінің тіркелгені туралы жазбаша хабарлама береді.

3)  Шетелдік өкілдік өтініш пен құжаттарды халықтың көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды.

80.                        

Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен кімдер ала алады?

Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртібімен келесі тұлғалар ала алады:

1)  Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде тұрақты тұратын қандастар;

2)  жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары және олардың ұрпақтары, Қазақстанда тұратын;

3)  Қазақстандағы жоғары оқу орындарында білім алып жүрген этникалық қазақтар.

 

Бөлім: Зияткерлік меншік

81.                        

Зияткерлік меншік құқықтары бұзылған жағдайда не істеу керек?

Зияткерлік меншік құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік, қылмыстық және азаматтық жауапкершілік қарастырылған.

Құқық бұзылған жағдайда сотқа жүгініп, зиянды өтеуді, өтемақы төлеуді немесе зияткерлік меншік объектісін пайдалануға тыйым салуды талап етуге болады.

82.                        

Тауар белгісі дегеніміз не және оны қалай тіркеуге болады?

Тауар белгісі – бұл бір тұлғаның тауарлары мен қызметтерін басқалардан ажыратуға арналған белгі.

Тіркеу үшін eGov.kz порталында Ұлттық зияткерлік меншік институтына (Қазпатент) өтінім беру керек. Өтінімде тауар белгісінің суреті мен тауарлар мен қызметтердің сыныптарының сипаттамасы болуы тиіс.

83.                        

Патентті қалай тіркеуге болады?

Өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент алу үшін eGov.kz порталы арқылы Ұлттық зияткерлік меншік институтына (Қазпатент) электрондық өтінім беру қажет. Өтінімде өнертабыс сипаттамасы мен оның техникалық сипаттамалары көрсетілуі тиіс.

84.                        

Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі қанша?

Авторлық құқық автордың өмір бойына және қайтыс болғаннан кейін 70 жыл ішінде қолданылады, егер заңнамада өзгеше көрсетілмесе.

85.                        

Мен кітап жаздым және оны онлайн-платформа арқылы шығарғым келеді. Авторлық құқықты қалай қорғауға болады?

Сіздің авторлық құқығыңыз шығарманың жасалған сәтінен бастап автоматты түрде пайда болады. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін шығарманы тіркеу талап етілмейді.

Қосымша қорғау үшін eGov.kz порталы арқылы Ұлттық зияткерлік меншік институтына (Қазпатент) өтініш беріп, шығармаңыз туралы ақпаратты авторлық құқықпен қорғалатын объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізе аласыз.

86.                        

Мен жұмыс процесін жақсартудың жаңа әдісін ойлап таптым. Осы өнертабысқа патент ресімдей аламын ба?

Иә, егер сіздің әдісіңіз жаңалық, өнертапқыштық деңгейі және өнеркәсіптік қолданылу талаптарына сәйкес келсе, патент алуға өтінім бере аласыз. Дегенмен, егер өнертабыс сіздің еңбек қызметіңізге байланысты болса, оған құқық сіздің жұмыс берушіңізге тиесілі болуы мүмкін, егер бұл еңбек шартыңызда көрсетілсе.

87.                        

Көрнекті орындардың фотосуретін түсіріп, оны коммерциялық мақсатта пайдаланғым келеді. Рұқсат алу қажет пе?

Егер сіз қоғамдық орынды суретке түсірсеңіз, әдетте рұқсат қажет емес. Алайда, егер фотода авторлық құқықпен қорғалатын объектілер (мысалы, мүсіндер) немесе жеке тұлғалар болса, сізге құқық иесінің немесе суреттегі адамдардың келісімі қажет болуы мүмкін.

 

88.                        

Сіз шағын дүкен аштыңыз және жарнамада белгілі бір ұранды пайдаланғыңыз келеді. Бұл заңды ма?

Тіркелген ұранды рұқсатсыз пайдалану зияткерлік меншік туралы заңды бұзу болып табылады. Ең дұрысы, өзіңіздің бірегей ұраныңызды жасаңыз немесе бар ұранды пайдалану үшін лицензия (рұқсат) алыңыз.

89.                        

Коммерциялық құпияны зияткерлік меншік ретінде қорғауға бола ма?

Егер ақпарат коммерциялық құндылыққа ие болса және кәсіпорын оның құпиялылығын сақтау шараларын қабылдаса, коммерциялық құпияны зияткерлік меншік ретінде қорғауға болады.

 

90.                        

Мен дизайнерге компанияма логотип жасауға тапсырыс бердім. Логотипке құқық кімге тиесілі болады?

Шарттың талаптарына байланысты тіпті сіз жұмысқа ақы төлеген болсаңыз да, авторлық құқық дизайнерде қалуы мүмкін. Құқықтардың сізге берілуі үшін дизайнермен логотипке мүліктік құқықтарды беру туралы шарт жасау қажет.

Бөлім: Атқарушылық іс жүргізу

91.                        

Сот шешімдерін мәжбүрлі түрде орындау дегеніміз не?

Мәжбүрлі орындау – бұл борышкер өз міндеттемелерін ерікті түрде орындамаған жағдайда сот актісін, шешімін немесе қаулысын орындау процесі. Орындауды атқарушылық іс жүргізу органдары жүзеге асырады.

92.                        

Мәжбүрлі орындау мерзімдері қандай?

Атқарушылық іс жүргізу қозғалатын күннен бастап екі ай ішінде аяқталуы тиіс, егер заңнамалық актілерде басқа мерзімдер белгіленбесе.

93.                        

Мәжбүрлі орындау кезінде қандай шаралар қолданылуы мүмкін?

Сот орындаушысы мыналарды қолдана алады: борышкердің мүлкіне тыйым салу, елден шығуға шектеу қою, банктік шоттардан қаражат алу, жалақы мен зейнетақының бір бөлігін ұстау, мүлікті алып қою және оны сату.

94.                        

Сот шешімі бойынша қарызды төлеуім қажет, бірақ жеткілікті қаражатым жоқ. Мұндай жағдайда не болады?

Сот орындаушысы сіздің мүлкіңіз бен табыстарыңызға тыйым салуы мүмкін. Егер қаражат жеткіліксіз болса, жалақыңыздан немесе зейнетақыңыздан 50%-ға дейін ұсталуы мүмкін. Егер мүлік болмаса, атқарушылық іс жүргізу қаражат пайда болғанға дейін тоқтатылады.

95.                        

Сот шешімін орындаудан жалтарған жағдайда борышкерге қандай санкциялар қолданылуы мүмкін?

Сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін борышкер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады, оның ішінде айыппұлдар, қамауға алу және сот үкімін қасақана орындамау жағдайында бас бостандығынан айыру мүмкіндігі бар.

96.                        

Сот орындаушысы менің банктік шоттарымды бұғаттады, бірақ олардың бірінде тек балалар жәрдемақысы бар. Бұл заңды ма?

Жоқ, балалар жәрдемақысы мен алимент қаражаттарына тыйым салынбайды. Сіз сот орындаушысына мәлімдеме жасап, бұғатталған шоттағы қаражаттың мақсатты сипатта екенін дәлелдейтін құжаттар ұсынуыңыз қажет.

97.                        

Қарыздарды өтеу бойынша төлемдерді бөліп төлеу туралы сот орындаушысымен келісуге бола ма?

Иә, егер сіздің қаржылық жағдайыңыз қарызды бірден төлеуге мүмкіндік бермесе, сіз сот орындаушысына бөліп төлеу немесе төлемдерді кейінге қалдыру туралы өтініш жасай аласыз. Шешім нақты жағдайға және өндіріп алушының келісіміне байланысты қабылданады.

98.                        

Маған қарызым үшін шетелге шығуға шектеу қойылды. Бұл шектеуді қаншалықты жылдам алып тастауға болады?

Шектеу қарыз толық өтелгеннен кейін және төлемді растайтын құжаттар сот орындаушысына тапсырылған соң алынады. Бұдан кейін орындаушы тиісті органдарға шектеуді алып тастау туралы хабарлама жібереді, және шектеу бір жұмыс күні ішінде жойылады.

 

99.                        

Мен автокөлікті саттым, бірақ жаңа иесі оны өз атына ресімдемеді, сол себепті маған тыйым салынды. Не істеу керек?

Сізге сот орындаушысына көлікті сату фактісін дәлелдеу қажет. Бұл үшін сату-сатып алу шартын немесе көлікті тіркеу органдарына берілген өтінішті ұсынуға болады.

 

100.                   

Менің бұрынғы жұбайым алимент төлемейді. Не істеу керек?

Егер бұрынғы жұбайыңыз алимент төлеуден жалтарса, сіз сот орындаушысына жүгініп, атқарушылық іс қозғауды сұрай аласыз. Сондай-ақ алимент төлемдерін арттыру немесе төлеу тәртібін өзгерту үшін сотқа жүгінуіңізге болады.

       

 

06 февраля 2024
Прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды.

Іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді.

Ең төменгі жалақы – 164 052 теңге.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелері (байланыс телефондары мен мекенжайлары төменде көрсетілген) 2024 жылғы 7 ақпаннан 7 наурызға дейін жүргізеді.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер:

1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша) тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өту;

2) құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне (түсу үшін жоспарланған органға) мынадай құжаттарды беру:

- белгіленген үлгідегі өтініш;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес нострификациялау немесе  тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстыру үшін түпнұсқалары);

- жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық толтырылған өмірбаян;

- кез-келген аймақта қызмет етуге келісім беру туралы өтініш;

- әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет.

Құжаттардың толық емес тізбесін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну іріктеуге қатыстырмау үшін негіз болып табылады.

 

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.
  2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.
  3. Жоғары заңгерлік білім.

 

Іріктеуге келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

2) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3) құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

4) қызметке тұрғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;

7) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам.

 

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу келесі кезеңдерді қамтиды:

1) іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау;

2) прокуратура органының аумақтық бөлімшелерінде әңгімелесуден өту;

3) әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту;

4) полиграфологиялық зерттеуден өту;

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі - Академия) емтихан тапсыру.

Академиядағы емтихан кандидаттың емтихан билетінің қойылған үш сұрағына және Комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап беру нысанында өткізіледі.

Емтихан келесі пәндер мен нормативтік құқықтық актілер бойынша өткізіледі:

1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексі;

3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

4) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

5) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;

6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

 

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер Академияда алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.

Алғашқы кәсіптік даярлық мерзімі:

6 ай (Академияда 5 ай оқу + бір айға дейін тағылымдама).

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттар 40 532 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.

 

Алғашқы кәсіптік даярлықты табысты аяқтаған кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылданады, бұл ретте лауазымға тағайындау бір мезгілде сыныптық шен беріле отырып, сынақ мерзімінсіз жүргізілетін болады.

Кандидаттар құқық қорғау қызметіне тұру кезінде құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға дайын болуға тиіс.

 

Құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер:

Қызметкер:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту үшін олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға;

2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

5) қызметтік емес мақсаттарда оның қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты пайдалануға;

6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мақсатта пайдалануға;

8) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсатта, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;

9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға құқылы емес.

Қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде құқық қорғау қызметін өткеру уақытында өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және пайдаланылуы табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттар нотариалдық  куәландырылуы тиіс.

Қызметкердің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен, оның ішінде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыс алуға құқығы бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:

  • мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

2) жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет етуіне (жұмысына) жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау.

 

Іріктеу тәртібі және алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Бас Прокурордың 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі №675 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 бірлескен бұйрығымен реттеледі.

 

Академияның анықтама телефондары: 8-71-651-68-139, 8-778-672-66-24

Жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қоңырау шалу.

 

Емтихан сұрақтары Академияның сайтында орналасқан.

 

Іріктеуге құжаттар қабылдайтын құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінің орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары:

 

Прокуратура органдары:

№

Мекеме атауы

Байланыс телефоны

Почта мекен-жайы

1.     

Астана қ. прокуратурасы

8 (7172) 71- 21- 12

8 (7172) 71- 24- 07

8 (7172) 71- 24- 16

п/и 010000

Астана қ.
Қабанбай батыр даңғылы, 31

2.     

Алматы қ. прокуратурасы

8(7272) 265-04-41

п/и 050000

Алматы қ. Желтоқсан көшесі,189

3.     

Шымкент қ. прокуратурасы

8 (7252) 53-42-47

п/и 160000

Шымкент қ.

Тәуке хан

даңғылы, 97

4.     

Алматы облысы прокуратурасы

8 (72772) 4-17-01

п/и 040800

Қонаев қ.,

Абай көш., 6

5.     

Ақмола облысы прокуратурасы

8 (7162) 25-05-93

п/и 020000

Көкшетау қ.

Біржан Сал көшесі, 45

6.     

Ақтөбе облысы прокуратурасы

8 (7132) 90- 14-58

8 (7132) 90- 14-59

п/и 030000

Ақтөбе қ.

Ө.Сейітов көшесі,6

7.     

Атырау  облысы прокуратурасы

8 (7122) 27-08-01

п/и 060011

Атырау қ.

А.Молдағұлова көшесі, 245

8.     

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы

8 (7232) 24-18-24

п/и 070004

Өскемен қ.

Пермитин көшесі, 21

9.     

Жамбыл облысы прокуратурасы

8 (7262) 45- 29- 41

п/и 080000,

Тараз қ., М.Х.Дулати көшесі, 23

10.  

Батыс Қазақстан  облысы прокуратурасы

8 (7112) 50 -33- 47

п/и 090000

Орал қ.

Жұбан Молдағалиев көшесі, 23

11.  

Қарағанды  облысы прокуратурасы

8 (7212) 35-35-95

и/п 100026

Қарағанды қ.,

Құрылысшылар даңғылы, 28а

12.  

Қостанай  облысы прокуратурасы

8 (7142) 53-41-38

8 (7142) 54-94-86

8 (777) 016-19-00

п/и 110000

Қостанай қ., Алтынсарин көш., 118А

13.  

Қызылорда  облысы прокуратурасы

8 (7242) 27-43-75

п/и 120001

Қызылорда қ., Нұрмақов көшесі, 1

14.  

Маңғыстау  облысы прокуратурасы

8 (7292) 42-34-10 (вн.121)

п/и 130000 Ақтау қ., 15 ықшамаудан, 56/1

15.  

Павлодар  облысы прокуратурасы

8 (7182) 31- 50- 82

31- 50- 80

п/и 140000

Павлодар қ., Лермонтов көшесі,3

16.  

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы

8(7152) 46-14-87

п/и: 150000

Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі 15

17.  

Түркістан облысы прокуратурасы

8 (72533) 5-29-14

5-29-15

п/и 161200

Түркістан қ.,

Жаңа қала ш/а, 34

14/1 көше

18.  

Бас көлік прокуратурасы

8 (7172) 71- 22- 20

п/и: 010000

Астана қ.

Мәңгілік ел даңғылы, 14

19.  

Абай облысының прокуратурасы

8 (7222) 56-89-13

п/и 071400

Семей қ., Панфилов көш.,69

20.  

Жетісу облысының прокуратурасы

8 (7282) 24-17-81

п/и 040000

Талдықорған қ.,

Толебаев көш., 51

21.  

Ұлытау облысының прокуратурасы

8 (7102)76-15-68

76-19-63

п/и 100600

Жезқазған қ.,

Гагарин көш., 44

 

 

 

 

Өтініш бланкісі

 

 

Құқық қорғау органының

аумақтық бөлімшесінің,

ведомствосының немесе

мекемесінің басшысына

_______________________

 

Өтініш

 

Маған __________________________

                Т. А. Ә. (бар болса, толық)

алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

 

Келесі құжаттарды ұсындым:

  1. _________________________
  2. _________________________
  3. _________________________
  4. _________________________
  5. _________________________
  6. _________________________
  7. _________________________

 

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

 

 

(Қолы)

А.Т.Ә. (болған кезде)

"____" _______________ 20____ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨМІРБАЯН

 

Өмірбаянды кандидат өз қолымен, еркін түрде, шимайсыз және түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады:
Автобиография пишется кандидатом собственноручно, в произвольной форме, без помарок и исправлений, с обязательным указанием следующих сведений:
- тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, тағы қандай тілдерді біледі;
- фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность, родной язык, какими языками еще владеет; 
- қашан, қайда, қандай оқу орындарында оқыды, білімі бойынша мамандығы;
- когда, где, в каких учебных заведениях учился, специальность по образованию; 
- кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауы мен мекенжайы, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу себебі көрсетіле отырып, кім болып, қашан және қайда жұмыс істеді, тәртіптік, материалдық немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылды ма (қашан, кім қолданды, не үшін, ықпал ету шарасы);
- кем, когда и где работал с указанием полного наименования и адреса предприятия, учреждения или организации, причины перехода с одной работы на другую, применялись ли меры дисциплинарного, материального или общественного воздействия (когда, кем, за что, мера воздействия);
- әскери міндеттілікке қатысы, міндетті әскери қызметке қашан және қандай әскери комиссариат шақырды (егер шақырылмаса, себебі көрсетілсін), қандай әскери бөлімдерде (нөмірлері көрсетілсін) және кім болып қызмет өткерді, Қарулы Күштерден запасқа қашан және қандай лауазымнан босатылды, әскери атағы;
- отношение к воинской обязанности, когда и каким военкоматом призван на действительную военную службу (если не призвался, указать причину), в каких воинских частях (указать номера) и в качестве кого проходил службу, когда и с какой должности уволен в запас Вооруженных Сил, воинское звание;
- отбасы жағдайы, қашан некеге тұрды, әйелінің (ерінің) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері; кандидат пен оның әйелінің (ерінің) жақын туысқандары; әкесі, шешесі, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері) мен балалары, сондай-ақ бұрынғы әйелдері (ерлері) және олардың жақын туысқандарына қатысты осындай мәліметтер, ажырасу себептері көрсетіле отырып, некені бұзу туралы куәліктерінің нөмірлері, оларды қандай орган және қашан берді; егер кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандары тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы анықтамалық деректері көрсетіледі, туысқандарынан кім ішкі істер органдарында немесе ішкі әскерлерде қызмет етеді (туысқандық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты, қайда, лауазымы, арнайы немесе әскери атағы);
- семейное положение, когда вступил в брак, фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность; место работы и должность, место жительства жены (мужа); такие же сведения на близких родственников кандидата и его жены (мужа); отца, мать, братьев, сестер и детей, а также на бывших жен (мужей) и их близких родственников с указанием причин развода, номера свидетельств о расторжении брака, когда и каким органом оно выдано; если кандидат, его жена (муж) или их близкие родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то указывается и их прежние установочные данные; служит ли кто из родственников в органах внутренних дел или во внутренних войсках (степень родства, фамилия, имя, отчество, где, должность, специальное или воинское звание);
- кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандарынан біреу шетел азаматтығында тұрды ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде кім шетелде болды (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе тұрақты тұруға шетелге шығу үшін өтініш білдірді (қашан, қандай себеппен), шетелдерде тұратын туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туысқандық дәрежесі, немен айналысады, қайда тұрады), олармен байланыс қалай іске асады; 
- состоял ли кандидат, его жена (муж) или кто-нибудь из их родственников в иностранном гражданстве (кто, степень родства), кто из них был за границей (когда, где, с какой целью) или ходатайствовал о выезде за границу на постоянное место жительства (когда, по какой причине), имеются ли родственники, проживающие за границей (фамилия, имя, отчество, степень родства, род занятий, где проживают), в чем выражается связь с ними; 
- кандидат, оның әйелі (ері) немесе олардың жақын туысқандарынан біреу қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тартылған ба (қашан, не үшін, жазалау шарасы); 
- привлекался ли кандидат, его жена (муж) или кто-либо из их близких родственников к уголовной или административной ответственности (когда, за что, мера наказания); 
- соңғы жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері, егер бір жерден екінші жерге көшуге тура келсе, бұрынғы тұрғылықты жерлері көрсетіледі. 
- место последней работы и должность, место жительства, если приходилось переезжать с одного места жительства на другое, то указываются прежние места жительства.

ӨМІРБАЯН

АВТОБИОГРАФИЯ

_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты / фамилия, имя,
отчество)
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________

21 декабря 2023
Президент Жолдауы

Қымбатты отандастар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері!

      Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз.

      Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды.

      Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.

      Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз.

      Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес.

      Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы.

      Барлық бастамамыз осыған бағытталуда.

      Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік.

      Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан, кез-келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет.

      Менің Қазақстан халқына биылғы Жолдауым мынадай мәселелерге арналады.

І. ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

      Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан қазір пандемияның зардабын тартуда. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, бағдарымызды берік ұстанып келеміз.

      Біз орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітілетін болады.

      Стратегиялық мақсатымыз – Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту.

      Экономикамызға тікелей инвестиция тарту ісін жалғастырудың жаңа тәсілі ретінде Стратегиялық инвестициялық келісім ұғымы енгізілді. Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру үшін нақты шараларды қолға алдық. "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтерін біріктірдік. Еншілес компаниялар екі есе азайды, олардың штат санын бір жарым есе қысқарттық. Жаңа, қуатты даму институтын құрдық.

      Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті.

      "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылды. Сондай-ақ, 70 мың жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің жалпы құны 3,5 триллион теңге болды.

      "Бизнестің жол картасы" бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді.

      Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастама экономикаға айтарлықтай әсер етті. Ең бастысы, оның әлеуметтік ықпалы айрықша болды. Осы шараның арқасында миллионнан астам азаматымыз тұрғын-үй жағдайын жақсартты. Кейбірі ипотекалық қарызын азайтты.

      Жалпы экономикалық дамуымызда оң үрдіс бар екені сөзсіз. Алайда, бүгінгі ахуалдың әлі де күрделі екенін ашық айтуымыз керек. Сондықтан, мен "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы" бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдадым. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржының жалпы көлемі кемінде бір триллион теңге болады.

      Қазақстан мемлекеттік қарызы аздығының және едәуір қоры болғанының арқасында індет салдарын біршама тиімді еңсеруде. Бұл – біздің елеулі бәсекелік артықшылығымыз. Одан айырылып қалмауымыз керек.

      Алайда, соңғы кезде бюджеттің шығыс бөлігіндегі міндеттемелерді орындау үшін бюджет тапшылығы ұлғайып, Ұлттық қордан алынатын трансферттер көбеюде. Үнемі осылай "ауырдың үстімен, жеңілдің астымен" жүре алмаймыз. Біздегі қаржылық орнықтылықтың қоры соншалықты шексіз емес.

      Бюджеттің кірісін арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екені сөзсіз. Бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау керек.

      Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджет ережесін енгізуді тездеткен жөн. Бұған қажетті заңнамалық өзгерістер осы жылдың соңына дейін қабылдануға тиіс.

      Жалпы, елімізге мемлекет қаржысын, атап айтқанда, мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын және Ұлттық қорды басқарудың ережелер жинағы қажет.

      Үкімет пен Ұлттық банктен жыл соңына дейін Мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасын әзірлеуді сұраймын.

      Сонымен бірге, экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың түрін көбейтіп, экспорт географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру керек.

      2020 жылдың қорытындысы бойынша, индустрияландыру жүзеге асырылып жатқан 10 жыл ішінде тұңғыш рет өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі тау-кен өндірісі саласынан асып түсті.

      Орта мерзімдегі мақсатымыз – 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 миллиард долларға жеткізу. Ал, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру.

      Әзірленіп жатқан "Өнеркәсіп саясаты туралы" заң өңдеу өнеркәсібінің алдында тұрған сауалдарға жауап беруге тиіс.

      Соның бірі – шикізатқа қол жеткізудің қиындығы. Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы қолжетімді, ал көлемі жеткілікті болуы керек деген қарапайым ережені енгізуіміз қажет.

      Үкімет жыл соңына дейін осы маңызды міндетті шешудің оңтайлы жолын табуға тиіс.

      Бұл ретте, еліміздің ресурстық әлеуеті толық ашылмағанын, геологиялық тұрғыдан зерделену деңгейі төмен екенін қаперден шығармаған жөн.

      Сапалы геологиялық ақпараттың инвесторларға қолжетімділігін арттыру қажет. Осыған орай түрлі ведомстволарға бағынатын бытыраңқы мекемелердің негізінде тиімді Ұлттық геология қызметін құру керек.

      Бұл орган жер қойнауын кімге және қалай беруді шешетін монополистке айналмауға тиіс. Оның міндеті – инвесторларға кешенді қызмет көрсетіп, қолдау білдіру.

      Жер қойнауын пайдалану саласына, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қажет.

      Ұлт жоспары аясында басталған реформаларды соңына дейін жеткізген жөн. Атап айтқанда, геологиялық ақпараттың ашық цифрлық мәліметтер базасын құрып, оны инвесторлар үшін қолжетімді ету керек.

      Жер қойнауы – ұлттың байлығы. Оны пайдалануға беруді оңаша кабинеттерде "бармақ басты, көз қыстымен" шешу заңсыз деп танылуға тиіс. Тиісті органдар бұл мәселе бойынша бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

      Келесі мәселе. Мемлекеттің экономикаға тым көбірек араласуы оның өсімін тежейді, сыбайлас жемқорлыққа және заңсыз лобби жасауға әкеп соқтырады.

      Мемлекеттік кәсіпорындар әлі де болса көптеген салада басымдыққа ие, жеңілдіктерді жеке дара пайдаланады.

      Біз бұл проблемаларды шеше бастадық.

      Мәселен, Мемлекеттік басқару тұжырымдамасында квазимемлекеттік секторды қысқарту және оның тиімділігін арттыру, жұмысының ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қарастырылған.

      Реформалар жөніндегі жоғары кеңес жекешелендірудің жаңа жоспарын мақұлдады. Енді оны қатаң бақылау қажет.

      Бұдан басқа да мәселелер бар. Атап айтқанда, жекелеген ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар шығынға батып жатыр. Сөйте тұра неге олардың бірінші басшылары жауапкершілік арқаламайды?

      Үкімет бұл мәселені шешуі керек.

      Сонымен бірге, біз инфляцияның бақылаусыз өсу проблемасымен бетпе-бет келдік. Үкімет пен Ұлттық банк бәрін әлемдік үрдіске жауып, инфляцияның алдында қауқарсыздық танытып отыр.

      Мұндай сылтау ұлттық экономиканың әлсіздігін көрсетеді. Онда "біздің кәсіби экономистеріміздің рөлі қандай?" деген сауал туындайды.

      Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті – инфляцияны 4-6 пайыз деңгейіне қайтару.

      Жалпы сомасы 6,3 триллион теңге жұмсалған дағдарысқа қарсы шаралар жүзеге асырылғаннан кейін экономикамызда артық ақша пайда болды. Алайда, бүгінгі таңда бөлінген қаржы әлі бармай жатқан салалар бар. Екінші деңгейдегі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайды.

      Сондықтан, микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек. Олар жергілікті жерде жұмыс істейді. Өзінің тұтынушыларын, олардың бизнесі мен мүмкіндіктерін жақсы біледі.

      Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәселе бойынша шешімдер топтамасын әзірлеуі қажет.

      Стресті активтер деңгейін төмендету жұмысы да айрықша маңызға ие.

      Біз мемлекет банкирлерге көмектеспеуге тиіс деген шешім қабылдадық.

      Сонымен бірге, шектеу қойылып, бұғатталған активтерді экономикалық айналымға қайтару керек. Алайда, мұны тек қана нарықтық негізде жүзеге асырған жөн.

      Бұған заңнамалық негіз болуы қажет.

      Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, жылдың соңына дейін тиісті заң жобасын Парламентке енгізсін.

      Енді инфляцияның монетарлық емес тұстарына тоқталайық. Оның ең бастысы – азық-түлік бағасы.

      Қазақстанның ауыл шаруашылығының әлеуеті орасан зор екені көп айтылады. Бірақ, агроөнеркәсіп кешені саласында қордаланған проблемалар да аз емес.

      Ең алдымен, бұл – азық-түлік тауарларының бағасын белгілеудің және оны бөліп-таратудың тиімсіз жүргізілуі.

      Мен бұған дейін көтерме-тарату орталықтарының желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын. Бұл міндет орындалып жатыр.

      Осы орталықтардың шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, соның ішінде, жеке қосалқы шаруашылықтарға да қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл нарықтың монополиялануына жол беруге болмайды.

      Сонымен бірге, өнім өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы бағаның бәріне бірыңғай бақылау жасау қажет. Қазір осы жұмысқа бірнеше мекеме жауапты. Әр жолы баға шарықтағанда олар байыппен сараптама жасап, тиімді шаралар қабылдаудың орнына бір-біріне сілтей бастайды.

      Бұл жұмысты ретке келтіретін кез келді. Жауапкершіліктің ара-жігін ажырату керек. Бір мекемені басты орган ретінде айқындап, өзгелерінің өзара іс-қимылын нақты белгілеу қажет.

      Үкімет осы мәселе бойынша бір айдың ішінде шешім қабылдауға тиіс.

      Екіншіден, ауа-райының қолайсыздығы мал шаруашылығында түйткілді мәселелер бар екенін көрсетті.

      Біз жедел шара қабылдап, жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды реттедік.

      Дегенмен, бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек.

      Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн.

      Сондай-ақ, егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейткен абзал.

      Ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен қолдану керек.

      Жайылымдық жерді тиімді пайдалану да өте маңызды.

      Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр.

      Өйткені, мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті, оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған.

      Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр.

      Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс.

      Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудару қажет.

      Олардың құқықтық мәртебесі және көрсетілетін қолдау тәсілдері "Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" бөлек заңда көрініс табуы керек.

      Үкімет бұл заң жобасын өте қысқа мерзімде әзірлеуге тиіс.

      Ветеринария саласын да жетілдіру қажет.

      Бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек.

      Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты.

      Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

      Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.

      Сондықтан, осы салада жүйелі жұмыс атқарылуға тиіс.

      Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау және оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шаралары.

      Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек.

      Үшіншіден, біздің аграрлық саясатымызда сабақтастық болмай отыр. Министр ауысса, саланың саясаты да өзгереді.

      Мұндай жағдайда шаруаларға алдағы жұмысты жоспарлау қиынға түседі.

      Бірыңғай негізгі бағыт болуы қажет.

      Соған сәйкес субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыру керек.

      Келесі мәселе.

      Соңғы бес жылдың өзінде субсидиялауға екі триллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

      Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланысты болып отыр.

      Бұған жол беруге болмайды.

      Нормативтік негізін нығайтып, тиімді жоспарлау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу қажет.

      Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуға тиіс.

      Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек.

      Ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтауды қолдау тәсілдерін мұқият қарауымыз қажет.

      Агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы әбден ескірді. Оны жаңарту керек.

      Ауыл шаруашылығын субсидиялау саясатын өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатпен ұштастырған жөн.

      Үкімет пен "Бәйтерек" холдингі осы мәселе бойынша ұсыныстар әзірлеуі қажет.

      Жалпы, ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету.

      Мен биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және олардың қатысы бар компанияларға сатуға және жалға беруге біржола тыйым салған заңға қол қойдым.

      Жер кодексіне қазақстандық инвесторларды ауыл-аймақтарды дамыту үшін қаржы салуға ынталандыратын түзетулер енгізілді.

      Бұл өзгерістер ауыл шаруашылығы жерлерін толық экономикалық айналымға түсіруге мүмкіндік береді.

      Шын мәнінде, осы шешімдердің барлығы агроөнеркәсіп секторына оң ықпал етеді.

      Соның арқасында ауыл шаруашылығы ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналады деп сенемін.

      Келесі мәселе. Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру.

      Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансферті, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу айрықша маңызды. Біз шетелдегі стратегиялық серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуге тиіспіз.

      Сонымен бірге, отандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу де маңызды. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет.

      Цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты 2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға жетуге тиіс.

      Осы және басқа да міндеттер мемлекеттік секторды толығымен "цифрлық қайта жүктеуді" талап етеді. Мұндағы бұрыннан келе жатқан басты түйткіл – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара тиімді кіріктірілмеуі. Бұл мәселе түбегейлі әрі тезірек шешімін табуы керек.

      Біріншіден, "Электронды үкіметтің" мүлде жаңа құрылымын жасау керек. Мемлекеттік сектордың барлық ІТ-бастамасы тек қана қазақстандық мемтехтың жаңа платформасына негізделеді.

      Бұл платформа қайталауларды, тиімсіз шығыстарды және бюрократияны жояды. Мемлекеттік қызметтер азаматтарға смартфоннан 100 пайыз қолжетімді болады.

      Екіншіден, біз мемлекеттік органдардың бизнес-үдерісін түгел қайта қарап, цифрлық форматқа көшіретін Цифрлық трансформация орталығын ашамыз.

      Үшіншіден, ұлттық компаниялар ІТ-қауымдастықпен өзара қарым-қатынас жасайтын платформа құруымыз қажет. Квазимемлекеттік сектордың цифрлық қажеттілігі мен сұранысы барынша отандық компаниялардың күшімен қамтамасыз етілуге тиіс.

      Төртіншіден, мәлімет беру желісін халықаралық дәліздермен ұштастыра отырып, оны біртіндеп кеңейту және жаңарту қажет. Көрші елдерге де қызмет көрсете алатын мәлімет өңдеудің заманауи орталықтарын құру керек.

      Біз еліміздің орасан зор ақпараттық-телекоммуникациялық әлеуетін іске асыра білуге тиіспіз. Жаңа цифрлық дәуірде ол геосаяси маңызға ие болады.

      Қазақстан Еуразия өңірінің басым бөлігі үшін орталық цифрлық хабқа айналуға тиіс.

      Осы міндетті орындау үшін кадрлық әлеуетімізді күшейтуіміз керек. Премьер-Министр маған өз ұсыныстарын берсін.

      Келесі мәселе. Ауғанстандағы ахуал және жаһандық шиеленістің күшеюі бізге қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейді.

      Қорғаныс қабілетімізді нығайтып, қауіп-қатерлерге жедел үн қату мемлекеттік маңызы бар басымдыққа айналуға тиіс.

      Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек.

      Сырттан төнетін қауіпті модельдеу айрықша өзектілікке ие болуда.

      Стрес-тест өткізіп, сценарийлер дайындаған жөн. Соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленіп, түзетіліп отыратын болады.

II. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

      Халқымыз "Бірінші байлық – денсаулық" деп бекер айтпаған.

      Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды.

      Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес.

      Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде.

      Біз уақыт ұттырмай індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық.

      Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі.

      Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ.

      Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде.

      Елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр.

      Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп.

      Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде.

      Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда.

      Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс.

      Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн.

      Адамзат көптеген індетті бастан өткерген.

      Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек.

      Алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штамдары шығуы мүмкін. Сарапшылар басқа да індеттер пайда болатынын айтуда.

      Біз оның қашан болатынын күтіп, қарап отыра алмаймыз.

      Осындай жағдайда өмір сүріп, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек.

      Қазір "бустерлік вакцинаны" сатып алу өте маңызды.

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет.

      Сонымен бірге, бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындаған жөн.

      Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құрылуға тиіс.

      Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған.

      Парламенттен осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды сұраймын.

      Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес.

      "Дені сау ұлт" жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау қажет.

      Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады.

      Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек.

      Пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен ота жасау кейінге қалып жатыр.

      Бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаларға салынбай қалуда. Әрине, бұған жол беруге болмайды.

      Медицина саласына қомақты қаржы құю керек.

      Бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуға тиіс.

      Фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажет.

      Вируспен күрес кезінде дәл осы сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзіміз жетті.

      Сондықтан, медицина өнімдерін Зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құруымыз керек.

      Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн.

      Инвесторларды тартып, озық технологияны және осы саладағы жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек.

      Отандық тауар өндірушілермен жасалатын оффтейк келісім шарттарының көлемін арттырып, өнім түрін көбейту қажет.

      Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет.

      Денсаулық кепілі – дене шынықтыру.

      Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын.

      Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс.

      Жалпы, Токио олимпиадасының қорытындысына байланысты спорттағы ахуалды бөлек кеңесте қарау қажеттігі туындап отыр.

III. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

      Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді.

      Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсаймыз.

      Қабылданған шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті.

      Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз.

      Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа.

      Пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екенін көрсетті.

      Мұндай ахуал негізгі, қарапайым білімнің өзін меңгере алмаған оқушылардың саны артуына әкеп соқты. Тағы бір проблема, нағыз қиындық осы деуге болады, балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Өйткені білім алуды қажет деп санамайтын болды.

      Үкіметке бұл мәселемен, атап айтқанда қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсартумен мықтап айналысуды тапсырамын.

      Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс.

      Сонымен бірге, жағымды жаңалығымыз да бар. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

      Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз.

      Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн.

      Тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету айрықша маңызды.

      Материалдық қолдау көрсету шараларын "Цифрлы ұстаз" білім беру жобасымен толықтырған жөн.

      Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет.

      Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс.

      Бұл ретте, ұстаздардың курстан өту үшін өз қалтасынан ақша төлеуіне жол берілмейді.

      Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді.

      Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді.

      Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін.

      Мектептерді бюджет қаржысына салумен қатар, осы өзекті мәселені шешуге жеке секторды да тартқан жөн.

      Толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көше бастауымыз керек.

      Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс.

      Үкімет "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы маңызды міндетті шешумен айналысуы керек.

      Біз "Тегін техникалық және кәсіби білім беру" жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз.

      Бүгінгі таңда NEET санатындағы 237 мың жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді.

      Жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы – тұрмысы төмен отбасының балалары.

      Бұл жағдайды түзету қажет. Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек.

      Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс.

      Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтаған жөн.

      Құзырлы министрлік жоғары білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.

      Жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті.

      Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз.

      Бұл саладағы түйткілдердің шешімін табу үшін жылдың соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

      Ең алдымен, жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек.

      Мұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн.

      Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін енгізуді тапсырдым.

      Құзырлы министрлік осындай ғылыми мекемелерді іріктеудің және қаржыландырудың айқын әрі ашық ережесін әзірлеуі керек.

      Келесі мәселе. Грант мерзімінің үш жылмен шектелуі іргелі ғылымды дамытуға едәуір кедергі келтіріп отыр.

      Осындай қысқа жоспарлау мерзімінде қандай да бір нәтижеге қол жеткізудің өзі қиын екені анық.

      Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн.

      Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің әділдігі туралы мәселе де күн тәртібінен түспей тұр.

      Осыған орай, апелляция институтын енгізу қажет деп санаймын.

      Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр.

      Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.

IV. ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ

      "Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің" басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл бірінші кезекте жергілікті билікке қарата айтылып отыр.

      Тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешумен дәл осы әкімдіктер айналысады. Бірақ, әрдайым осылай болып жатқан жоқ. Жоғары басшылықтың өңірлерде қабылданған шешімдерді түзетуіне, тіпті, кейде солардың орнына шешім қабылдауына тура келеді.

      Түрлі деңгейдегі әкімдердің батыл әрі дербес қадам жасауға қабілеті жетпей жатады. Олар орталыққа жалтақтап жұмыс істейді.

      Бұл, негізінен, әкімдердің халық алдындағы қазіргі жауаптылық деңгейі жеткіліксіздігіне байланысты екенін мойындаған жөн. Олардың қызметіне баға бергенде өңір тұрғындарының пікірі ескеріле бермейді.

      Сондықтан, барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын бағалау тәсілін оңтайландыру керек.

      Осыған орай тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізудің маңызы зор. Бұл тәсіл арқылы билік органдары жұмысының сапасына тұрғындардың көзқарасы туралы шынайы мәлімет алуға болады. Формальды есептерден гөрі сауалнамадан халықтың көңіл-күйі анық аңғарылады.

      Президент Әкімшілігі осы мәселеге байланысты ұсыныстар топтамасын әзірлеуі керек.

      Өңірлік саясатта әлеуметтік-экономикалық дамудағы теңсіздікті азайтуға айрықша мән беру керек.

      Әр аймаққа тән міндеттерді жалпыұлттық басымдықтармен дұрыс ұштастыра білу қажет.

      Ұлттық даму жоспары аясында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру үшін нақты 25 міндет айқындалды.

      Жұмысымыздың басым бағыттары – осы. Сондықтан, Үкімет пен әкімдер Өңірлерді дамыту жоспарларын бекітілген жалпыұлттық міндеттерге сәйкес жаңартуы қажет.

      Әрине, теңсіздікті азайтудың басты тәсілінің бірі – бюджет қаржысын басымдыққа сай жұмсау. Республикалық бюджеттен қаржы бөлу әкімдердің пысықтығына, қандай да бір жеке көзқарасқа және басқа да субьективті факторларға байланысты болмауы керек.

      Бюджет үдерісін "қайта жүктеу" үшін жан басына қарай қаржыландыру тетігін неғұрлым кеңірек қолданып, бюджет лимиттерін бөлудің объективті әдістемесін енгізу қажет.

      Бюджет үдерістерін жеңілдетіп, бюрократияны барынша азайтқан жөн. Сондай-ақ, бюджетті жоспарлау мен орындау кезінде цифрлық тәсілдерді қолдануды кеңейту керек.

      Сонымен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыра отырып, бөлшектенген бюджетті енгізу керек.

      Үкімет бюджет заңнамасы мен заңға тәуелді актілерге енгізілетін тиісті өзгерістер топтамасын әзірлегені абзал.

      Жобалардың сметалық құнын үнемі артық көрсету – аса өткір проблема. Бұл балабақша және мектеп сияқты шағын жобаларға да, ірі инфрақұрылымдық жобаларға да қатысты.

      Қолданыстағы нормативтік база мен тәжірибені өте қысқа мерзім ішінде түбегейлі қайта қарау керек.

      1 желтоқсанға дейін Үкімет пен Есеп комитетіне ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

      Келесі мәселе – өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру.

      2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджетке берілді.

      Содан бері экономикалық белсенділік төмендегеніне қарамастан, жергілікті бюджеттердің түсімі жоспардағыдан 25 пайызға артық түсе бастады.

      Бұл әкімдердің жергілікті бизнесті дамытып, инвестициялар мен салықтық базаны көбейтуге қызығушылық артқанын білдіреді.

      Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.

      Үкіметтен жыл соңына дейін тиісті ұсыныстар топтамасын әзірлеуді сұраймын.

      Қазақстан орнықты урбанизация үрдісімен келе жатыр.

      Тұрғын саны миллионнан асатын қалалар еліміздің жаһандық бәсекелік қабілетінің тірегі, ал облыс орталықтары өз өңірлері өсімінің өзегі болуға тиіс.

      Сондықтан, агломерацияны дамыту туралы заң мен қалалардың кешенді құрылысының жаңа стандартын әзірлеу керек.

      "Адамдар – инфрақұрылымға" қағидатының сақталуы айрықша маңызды. Болашағы бар ауылдарды дамытуға баса назар аудару керек. Басты мақсат – олардың Өңірлік стандарттар жүйесіне сай болуын қамтамасыз ету.

      Бұл ұстанымдар Аумақтық даму жоспарында бекітілуге тиіс.

      Қазір өндірістік өнеркәсіптің 40 пайызы 27 моноқаланың еншісінде. Онда 1,4 миллион азаматымыз тұрады.

      Моноқалалардағы тыныс-тіршілікті одан әрі жандандыруға қатысты жан-жақты ойластырылған шешімдер қажет. Бұл мәселені біз жуық арада бөлек кеңесте талқылайтын боламыз.

      Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту –басым бағыттың бірі.

      "Халық қатысатын бюджет" орталыққа бағынатын қалалар мен облыс орталықтарына табысты енгізілді. Азаматтардың нақты сұранысына сәйкес ондаған абаттандыру жобасы жүзеге асырылды. Бұл – жақсы тәжірибе.

      Енді абаттандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі "халық қатысатын" үлесті 10 есе арттыру керек.

      Еліміздің ішкі байланысын жақсарту үшін көлік инфрақұрылымына қатысты бұған дейін басталған барлық жобаны аяқтауымыз керек.

      "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында орталықты өңірлермен жалғайтын біртұтас көлік желісі қалыптасуда. Стратегиялық маңызы зор инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды.

      Әкімдер мен Үкімет әрбір өңір үшін дәл осындай Инфрақұрылымдық даму бағдарламасын қолға алуы керек.

      Жергілік жерде инфрақұрылымды жаңғыртуға байланысты талайдан бері қордаланған мәселелер бар.

      Үкімет "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, мынадай ауқымды жобаларды жүзеге асыруға кірісуі қажет.

      Алматыдағы 2-ші жылу электр орталығының аумағында булы газ қондырғысын салу, 3-ші жылу электр орталығын жаңғырту және 1-ші жылу электр орталығын кеңейту керек.

      Оңтүстік өңірде 1000 мегаватт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін іске қосу қажет.

      Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кабель желілері жаңғыртылуға тиіс.

      Бұл жобаларға салынатын инвестицияның жалпы көлемі бір триллион теңгеден асады.

      Біз стратегиялық инвесторларымызбен бірлесіп, еліміздің түрлі өңірінде шамамен 2400 мегаваттық жаңғыртылатын қуат көзін іске қосамыз.

      Еліміздегі экология мәселесі басты назарда болуға тиіс.

      Әсіресе, ауаның тазалығы айрықша маңызды.

      Сондықтан, мейлінше ластанған 10 қаланы орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшірген жөн.

      Биыл батыс өңірлерін газбен қамтамасыз ету ісін жақсарту үшін жалпы сомасы 700 миллиард теңге болатын үш жоба бойынша жұмыс басталады.

      Бұл – Қашағандағы газ өңдеу зауытының және "Мақат-Солтүстік Кавказ" магистралды газ құбырының құрылысы, сондай-ақ, "Бейнеу-Жаңаөзен" магистралды газ құбырын жаңғырту жұмысы.

      Тағы бір маңызды мәселе бар.

      Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отыр.

      2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін.

      Сондықтан, біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек.

      Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл – аса маңызды міндет.

      Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуге тиіс.

      Су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуға кірісеміз.

      Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында жаңадан 9 су қоймасы салынады.

      Бұл – ауқымды жоба. Бірақ, біздің қолымызда қажетті ресурстың бәрі бар.

      Атырау және Маңғыстау облыстарының аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін "Астрахан-Маңғыстау" магистралды су құбыры жаңғыртылады және Кендірлі кентінде су тұщытатын жаңа зауыт салынады.

      Жалпы, ондаған жылдар бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, ауыз су мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ.

      Сондықтан, Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын.

      Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет.

      Мен тағы бір маңызды мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Дүние жүзі өнеркәсіп пен экономиканы экологиялық тазартуға бет бұрды.

      Қазір бұл – әншейін сөз емес, салық, баж және техникалық реттеу шаралары сияқты нақты шешімдер. Біз одан тыс қала алмаймыз. Мұндай шешімдер экспорт, инвестиция және технология трансферті арқылы елімізге тікелей әсер етеді.

      Шын мәнінде, бұл – Қазақстанның орнықты дамуы мәселесі. Сондықтан мен 2060 жылға қарай көміртегінен арылу міндетін жүктеп отырмын.

      Бұл бағытта өте байыппен жұмыс істеу керек. Кең-байтақ еліміздің тұрғындар саны да, экономикасы да өсіп келеді. Өсім сапалы болу үшін қуат көздері қажет.

      Көмір дәуірі біртіндеп келмеске кетіп бара жатқан заманда жаңғыртылатын энергияға қоса, біз сенімді базалық қуат көздерін ойластыруға тиіспіз.

      Қазақстанда 2030 жылға қарай электр қуатының тапшылығы пайда болады.

      Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мұның ең оңтайлы шешімі – бейбіт атом. Бұл – күрделі мәселе. Сондықтан қауесетке сеніп, эмоцияға берілмей, оны барынша тиімді шешуіміз керек.

      Үкімет пен "Самұрық-Қазына" бір жылдың ішінде Қазақстанда қауіпсіз әрі экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуге тиіс.

      Бұл мәселеге инженерлік саланы дамыту және атом саласындағы білікті инженер мамандардың жаңа буынын қалыптастыру мүмкіндігі тұрғысынан да қарау қажет.

      "Жасыл" сутегі өндірісі, жалпы сутегі энергетикасы – болашағы зор бағыттар.

      Үкіметке осы мәселе бойынша да ұсыныс әзірлеуді тапсырамын.

V. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ТИІМДІ ЭКОЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

      Пандемия еңбек нарығын едәуір өзгертті. Бұл – ең алдымен, қашықтан жұмыс істеу тәсілінің қарқынды дамуы.

      Көптеген жаңа кәсіптер пайда болған, үдерістердің көпшілігі автоматтандырылып, цифрландырылып жатқан қазіргі кезде бұл үрдіс тың серпінге ие болуда.

      Осындай жағдайда мамандықты жиі өзгерте білу және жаңа кәсіптерді игере алу арқылы ғана әркімнің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ете аламыз.

      Сондықтан, бізге "Кәсіби біліктіліктер туралы" заң қажет. Бұл құжат біліктілікті тану мәселесін реттеп, жұмысшыларды өзінің қарым-қабілетін жетілдіруге ынталандыруы керек.

      Жаппай цифрландыру үдерісі интернет-платформалар негізінде жұмыспен қамтудың жаңа үлгісін алып келді. Такси жүргізушілері, курьерлер және басқалар – осының жарқын мысалы.

      Бұл сала әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамту және салық салу тұрғысынан мемлекеттің қолғабыс етуіне мұқтаж болып отыр.

      Біздің еңбек нарығымызға көші-қон үдерісі де зор ықпал етеді.

      Қазақстан – еңбек мигранттарын қабылдау жағынан ТМД елдері ішінде екінші орында. Бұл саладағы проблемаларды дұрыс шешуіміз керек.

      Үкімет Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге тиіс. Онда шетелдерде жұмыс істеп жүрген өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғау тәсілдері де көрініс тапқаны жөн.

      Ел ішіндегі еңбек күшінің ұтқырлығы мәселесіне қатысты да жаңа ұстанымдар қажет.

      Үкімет оңтүстіктен солтүстікке көшіп жатқан азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тәсілдерін қайта қарауы керек.

      Атап айтқанда, оны әкімдіктер арқылы ғана емес, оңтүстік өңірлерден адамдарды өз бетімен жалдайтын жұмыс берушілердің шығынын өтеу арқылы да беруге болады.

      Өз бетінше бизнеспен айналысқысы келетіндердің де көшуіне жағдай жасаған жөн. Көшіп келген азаматтарға үй салу ғана емес, ауыл шаруашылығымен айналысу үшін де жер телімдерін беру мүмкіндігін пысықтау керек. Сондай-ақ, оларға мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет.

      Тағы бір мәселеге арнайы тоқталғым келеді.

      Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан, қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі.

      Алайда, қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда.

      Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес.

      Мұндай адамдар кез-келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек.

      Осындай жағдайлар "мемлекеттен ала берсем" деген көзқарас қалыптастырды.

      Ал, көмекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр.

      Әрине, біздің еліміздің мүмкіндіктері зор, бірақ оның да шегі бар.

      Ең бастысы, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады.

      Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады.

      Сондықтан, бізге түбегейлі өзгеріс керек.

      Заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс.

      Дайындалып жатқан Әлеуметтік кодексте осындай мәселелерге барынша назар аудару керек.

VI. САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

      Саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру – мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндетінің бірі.

      Соңғы екі жылда біз бұл салада бірқатар елеулі өзгеріс жасай алдық. Митинг өткізу үшін алдын-ала ескерту қағидаты жазылған жаңа заң қабылданды, партиялардың Мәжіліске өту шегі 5 пайызға дейін төмендеді, сайлау бюллетеньдеріне "бәріне қарсымын" деген баған қосылды.

      Осы және басқа да қадамдар қоғамда белсенді қолдау тапты.

      Бұл бастамалар орнықты демократиялық даму бағдарымызды нығайтып, саяси жүйемізді сапалық тұрғыдан өзгертеді.

      Сонымен бірге, азаматтарымызды мемлекет басқару ісіне барынша тартуға оң ықпал етеді.

      Бірақ мұнымен шектелуге болмайды.

      Біздің мақсатымыз – мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістің ашықтығы мен бәсекелестігін одан әрі арттыру.

      Сондықтан саяси реформалар жалғасады.

      Мемлекеттілігімізді нығайта түсу үшін барлық өзгерісті еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асырамыз.

      Бұл – мықты, әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы.

      Азаматтарымыз бұл ұстанымды қолдап отыр.

      Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу аса маңызды қадам болды.

      Бұл – менің былтырғы Жолдауымда айтылған саяси реформаның негізгі мәселесі. Осы шешім ауыл халқының, яғни қазақстандықтардың 40 пайыздан астамының мүддесіне тікелей ықпал етеді.

      Біз дұрыс жолдамыз. 2024 жылы азаматтар пилоттық режімде аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады.

      Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды факторы – азаматтық мәдениетті дамыту.

      Президент Әкімшілігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдерін әзірлеуі керек.

      Гранттық қаржыландыру жүйесін ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың сұранысына қарай бейімдеп, оны алудың жеңілдетілген режимін енгізу қажет.

      Бұл ауылдық жердегі әлеуметтік белсенділікке тың серпін береді.

      Сайлау тізіміндегі әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота туралы норманың енгізілуі партияларды барынша белсенді жұмыс істеуге, жаңа адамдар іздеп, өз қатарын жасартуға жетеледі.

      Дегенмен, халық қалаулыларының түпкілікті құрамы жасақталғанда бұл квота сақталған жоқ.

      Сондықтан, оның толыққанды әсері болуы үшін депутат мандатын бөлу кезінде осы квотаны міндетті түрде ескеру туралы норманы заң жүзінде бекіту керек.

      Біз инклюзивті қоғам құрып жатырмыз. Ерекше қажеттілігі бар тұлғалар әзірге еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде көп емес.

      Квота бөлінетін азаматтар санатының тізімін кеңейтуді ұсынамын. Онда жастар мен әйелдерден бөлек, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да квота белгілеу керек.

      Мен адам құқығын қорғау саласын әрдайым жеке дара бөліп қарайтынымды білесіздер. Біз соңғы екі жылда бұл бағытта едәуір ілгері бастық.

      Биыл қаңтар айында мен Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойдым.

      Енді Қылмыстық кодекстің нормаларын Екінші Факультативтік Хаттаманың ережелерімен үйлестіруіміз керек.

      Тиісті заң жылдың соңына дейін қабылданады деп сенемін.

      Осы жаздың басында менің Жарлығыма сәйкес Үкімет Адам құқығын қорғау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті.

      Осы маңызды құжат Қазақстанда адам құқығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ұзақ мерзімді институттық негіз қалыптастырады.

      Атап айтқанда, кешенді жоспар қабылданғаннан кейін гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс басталды. Осыған орай әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымын барынша қолдауды қамтамасыз еткен жөн. Бұл жұмысқа Президент Әкімшілігі жауапты.

      Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына да өзгерістер енгізген жөн.

      Құқық қорғау жүйесінде елеулі өзгерістер басталды.

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап әкімшілік әділет жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл институт мемлекеттік аппарат пен азаматтардың өзара қарым-қатынасын жаңадан қалыптастырады.

      Сот қызметінің заманауи үлгісі енгізіліп, артық сот үдерістері қысқартылуда.

      Заңнамадағы барлық қайшылықтар мен көмескіліктер азаматтар мен бизнестің мүддесіне орай түсіндірілетіні заң жүзінде қамтамасыз етілді.

      Үш буынды модель енгізілгеннен кейін қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау күшейді. Осы жылдың басынан бері екі мыңнан астам азаматты қылмыстық жауапқа негізсіз тартуға жол берілген жоқ.

      Прокурорлық қадағалаудың жеделдігі артты. Негізсіз шешімдердің 98 пайызы үш тәуліктің ішінде күшін жойды. Прокурорлардың айыптау актілерін дайындау жөніндегі құзыретін біртіндеп кеңейте беру қажет. Бұл қадам олардың жауапкершілігін арттырып, тергеу нәтижелеріне құқықтық баға беру тетіктерін нығайтады.

      Ішкі істер органдары осы салаға тән емес бірқатар функциядан арылды. Учаскелік инспекторлардың мәртебесі артты. Олар құқықбұзушылықтардың алдын-алу саласында қосымша өкілеттікке ие болды.

      Бірнеше өңірде полицияның сервистік моделі пилоттық режімде жұмыс істей бастады. Келесі кезең – оның ауқымын кеңейту. Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне жергілікті билік органдарының осы үдеріске қатысуына байланысты болады. Олар жаңа өзгерістердің мән-маңызын түсініп, полицияға қолғабыс етуге тиіс.

      Сонымен қатар, қылмыспен күресудің практикалық мәселелерін назардан тыс қалдырмау керек.

      Алаяқтықтың көбеюіне байланысты азаматтардың наразылық білдіруі орынды. Бас прокуратура алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлейтін болады.

      Балаларға, соның ішінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың алдын-алу және оның жолын кесу ерекше бақылауда болуға тиіс.

      Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын.

      Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет. Құзырлы агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңдегі іс-қимылымыздың бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге ұсынуы керек.

      Бұл ретте, "тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты" жоюға айрықша назар аударған жөн.

      Азаматтардың құқығын қорғағанда құқық қорғаушылардың, соның ішінде адвокаттардың құқығы туралы ұмытпаған жөн.

      Олардың қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттердің жолын кесу қажет.

      Жоғарыда аталған шаралардың бәрі саяси жүйені және адам құқығын қорғау ісін жетілдіруге бағытталған стратегиялық бағдарымыздың құрамдас бөлігі саналады.

VII. ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ – ОДАН ӘРІ ДАМУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

      Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты.

      Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде.

      Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет.

      "Бірлігіміз – әралуандықта" деген басты қағидамыз ешқашан өзгермейді.

      Сондықтан, этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағытының бірі болған, әрдайым солай болып қала береді.

      Бұл – бекерге айтылған сөз емес. Мұндай ұстанымды қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдайды.

      Біздің азаматтарымыз үшін келісім мен толеранттылық – мәдениеттер мен тілдерді өзара тоғыстыратын өмірдің шынайы көрінісі, нақты болмысы.

      Біз – Конституцияда айтылғандай, біртұтас халықпыз. Біздің нағыз күшіміз – осында. Біз пікір алуандығын қолдай отырып, радикализмнің кез-келген көрінісінің жолын кесеміз, мемлекеттік егемендігімізге, аумақтық тұтастығымызға қол сұғуға жол бермейміз.

      Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

      Этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсінуі қажет.

      Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз.

      Адамды тіліне, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол бермейміз, заң бойынша жауапқа тартамыз.

      Конституцияға қайшы мұндай жауапсыз қадамдар еліміздің негізгі мүдделеріне зиян келтіреді.

      Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді.

      Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар.

      Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда.

      Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді.

      Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі.

      Сондықтан, қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ.

      Атазаң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі.

      Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Біздің заңнамаға сәйкес, оның қолданылуын шектеуге болмайды.

      Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс.

      Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады.

      Жастарымыз өзге тілдерді, соның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, бұдан еш ұтылмайды.

      Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемдегі ең ұзын шекара.

      Орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымындағы ресми алты тілдің бірі.

      Сондықтан, бұл мәселеге парасаттылықпен қарауымыз қажет.

      Еліміз өркениетті диалог пен өзара сыйластық мәдениетін дәріптеуі керек.

      Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл саладағы рөлі айрықша.

      Біз Отанымыз және барлық азаматымыз үшін жауапкершілікті сезінуіміз қажет.

      Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі.

      Бұл орайда Қазақстанның мүмкіндіктері зор, соның ішінде өзін халықаралық аренада тиімді таныта алады.

      Дегенмен, бұл мәселеге қатысты саясатымызды қайта қарау қажет. Қазір мемлекет бюджет қаржысын оңды-солды иелене беретін белгілі бір қайраткерлердің ғана жобаларын қаржыландырып отыр. Бұл, әрине, түсініксіз жағдай.

      Жас әрі дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар, қаламгерлер жаңа жанр түрлерін игеріп, ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Сөйте тұра, олар елеусіз қалып, меценаттардың көмегімен ғана күн көреді. Шын мәнінде, Қазақстан мәдениеті сол жас дарындардың арқасында жаһандық деңгейде танылып жүрген жоқ па?!

      Сондықтан Үкімет сарапшылармен бірлесіп, жыл соңына дейін жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуға тиіс.

      Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігін қарастырған жөн.

      Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше.

      Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған.

      Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған.

      Біз қанымызға сіңген осы қасиеттен айрылмауымыз керек.

      Қазір – ғаламтор дәуірі. Ондағы бей-берекет ақпарат тасқыны ұрпақтың санасын улап жатыр.

      Бір сәттік танымалдықты көксейтін тамырсыз идеялар жаппай белең алуда.

      Бұл – аса қатерлі үрдіс.

      Дәл осы кезеңде ұлт зиялыларының ұстанымы және белсенділігі айрықша маңызды.

      Зиялылардың еңбегі марапатымен емес, салиқалы сөзімен және нақты ісімен бағаланады.

      Басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру.

      Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәріптелуі керек.

      Сондықтан, зиялы қауымды ел болашағына әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырамын.

      Диалог пен азаматтық қатысу дәстүрін дамыту, ынтымақтастығымыз бен бірлігімізге негіз болатын озық құндылықтарды дәріптеу біз үшін маңызды.

      Біз бірге болсақ қана, теңдессіз елдік бірегейлігімізді нығайта аламыз.

      Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев талай рет атап өткендей, этносаралық және конфессияаралық татулық – біздің баға жетпес байлығымыз.

      Мемлекетіміздің болашағы үшін біз ішкі тұрақтылық пен жалпыұлттық бірлігімізді сақтап, нығайтуға міндеттіміз.

      Құрметті отандастар!

      Біздің жақын арадағы негізгі басымдықтарымыз – осындай.

      Қазақстанның басты байлығы – Еліміздің азаматтары.

      Сіздердің амандықтарыңыз – менің Президент қызметіндегі ең басты мақсатым әрі тілегім.

      Сондықтан, менің келесі бастамаларым, ең алдымен, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналады.

БІРІНШІ БАСТАМА

      Ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарайтын кез келді деп санаймын.

      Бұл – бір жағынан аса маңызды макроиндикатор болса, екінші жағынан – әркімге түсінікті көрсеткіш.

      Бізде ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өскен жоқ.

      Қоронавирусқа байланысты әлемдік дағдарыс тұрғындардың табысына кері әсер етті. Оның үстіне Қазақстан ең төменгі жалақы деңгейі бойынша ТМД-ның бірқатар елдерінен артта қалып қойды.

      Сондықтан, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым.

      Бұл шара бір миллионнан астам адамға тікелей, ал бүкіл еңбеккерлерге жанама әсер етеді.

      Сонымен бірге, көлемі бүгінде жария етіліп жүрген жалақының 30, тіпті кейде 40 пайызына дейін жететін "көлеңкелі" еңбекақы қорын азайтады.

      Ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту ішкі тұтынуды өсіріп, экономикаға оң әсер етеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл Ішкі жалпы өнімді 1,5 пайызға арттырады.

      Бұдан былай ең төменгі жалақыны салықтық, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде орынсыз пайдалануды қою керек.

      Үкімет пен Парламенттен жыл соңына дейін қажетті өзгерістерді заңнамаға енгізіп, оның келесі жылы қаңтар айында күшіне енуін қамтамасыз етуді сұраймын.

ЕКІНШІ БАСТАМА

      Қазақстанда 6,5 миллионнан астам адам жалданып жұмыс істейді. Мұны өздеріңіз жақсы білесіздер. Олардың негізгі табыс көзі – жалақы.

      Бұл ретте, еңбекақы төлеу қорының өсімі соңғы 10 жылда кәсіпорын иелері табысының өсімінен 60 пайызға жуық қалып қойды. Осыған байланысты Үкімет бизнесті өз жұмысшыларының жалақысын көбейтуге ынталандыратын "ұтымды" шаралар әзірлейді.

      Қызметкерлерінің еңбекақысын көбейткен жұмыс берушілерге реттелмелі сатып алу жүйесі аясында жеңілдіктер беріледі. Сондай-ақ, оларға мемлекет тарапынан белсенді қолдау көрсетілетін болады.

ҮШІНШІ БАСТАМА

      Еңбекақы төлеу қорына түсетін салмақтың өзі барынша түсінікті әрі қарапайым болуы қажет.

      Бұл, әсіресе, микро және шағын кәсіпкерлік саласында қатты сезіледі.

      Мұндай бизнес үшін жиынтық салмақты 34 пайыздан 25 пайызға төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізуді ұсынамын.

      Бұл шара бизнесті мыңдаған қызметкерін "көлеңкеден шығаруға" ынталандырады. Сонда олар зейнетақы жүйесінің, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінің толық қатысушысына айналады.

      Бұл мәселеде науқаншылдыққа жол беруге болмайды. Бизнестің жұмысында іркілістер мен шығындар болмауы үшін тиісті төлем жүйесін даярлау қажет. Жаңа жүйе 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастауға тиіс.

ТӨРТІНШІ БАСТАМА

      2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті.

      Бірақ, бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды.

      Бұлар – мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқалар.

      Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады.

      Тұтастай алғанда, тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді.

БЕСІНШІ БАСТАМА

      Тұрғын үй азаматтарымыз үшін – қашанда басты мәселе.

      "Баспана хит" және "7-20-25" сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады.

      Сонымен қатар, нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес.

      Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады.

      Ұлттық даму институтына айналатын "Отбасы банкі" оның әкімшісі болып белгіленеді.

      Банк алдында "бір терезе қағидаты" бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр.

      Мен бұған дейін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастаманың оң әсері туралы айттым.

      Сондай-ақ, бұл қадам адамдардың жұмыс берушілерден еңбекақыны ашық төлеуді талап етуіне жол ашты.

      Осы үрдісті қолдау үшін зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында "Отбасы банкіндегі" есепшотқа аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын.

      Сонымен қатар, бұл қадам жұрттың қаражат жинауды және оны сауатты жұмсауды дағдыға айналдыруына мүмкіндік береді.

Құрметті депутаттар!

      Жетінші шақырылымдағы Парламент өзінің бірінші сессиясында 63 заң қабылдады.

      Қос палата бірлесіп, елімізде жүйелі өзгерістер мен реформалар жасауға қажетті заңнамалық негіз қалыптастырды.

      Бүгін Парламенттің кезекті сессиясы басталмақ.

      Алдымызда көптеген маңызды міндет тұр.

      Әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керек.

      Сіздер халықтың мүддесін қорғау үшін әрдайым табандылық танытуға тиіссіздер.

      Әрбір шешім елдің сұранысын да, мемлекеттің мүмкіндігін де ескере отырып қабылдануы қажет.

      Осы жауапты жұмыста сіздерге сәттілік тілеймін!

Қымбатты отандастар!

      Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

      Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз.

      Нақты жоспар жасап, соны жүзеге асырып жатырмыз.

      Біз қолға алған игі бастаманың бәрін соңына дейін жеткіземіз.

      Кез-келген кедергіні еңсеріп, қиындықты жеңуге дайынбыз.

      Мен Мемлекет басшысы ретінде халық үшін барлық күш-жігерімді жұмсай беремін.

      Мемлекеттік қызметкерлер және бүкіл қоғам біртұтас ел ретінде алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін жұмылуға тиіс. Әйтпесе, ертең кеш қалуымыз мүмкін.

      Себебі дүние жүзіндегі ахуал құбылмалы әрі түрлі сын-қатерлерге толы.

      Меніңше Мемлекет басшысының бағдарына күмән келтіретіндер, жұмыс істеу қолынан келмейтіндер, ебін тауып орнында отыра беруді қалайтындар, Президенттің тапсырмаларын орындаудан жалтаратындар қызметтен кетуге тиіс.

      Қазір біз ел дамуының шешуші кезеңіне қадам бастық.

      Мемлекеттік аппарат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеуге міндетті. Солай болған жағдайда ғана біз көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз.

      Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды.

      Шын мәнінде, ұйымдасқан ұтады.

      "Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді" деп халқымыз бекер айтпаған.

      Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте!

      Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік!

      Қасиетті Отанымыз мәңгі жасай берсін!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы