Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысында қызылша ауруының артуы байқалады.

     Қостанай облысында қызылша ауруының артуы байқалады. Қызылша – өте жұқпалы, ауа-тамшылы арқылы таралу механизмі бар вирустық текті ауыр ауру. Вакцинацияланбаған жас балалар қызылша ауруы мен асқынулардың, соның ішінде өлімнің жоғары қаупіне ұшырайды.

2023 жылдың сәуір және 2024 жылдың 16 қаңтар  айлар аралығындағы жағдай бойынша облыста қызылшамен ауырған 258 жағдай тіркелді. Ауру негізінен вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркеледі.

         Қазақстан Республикасының халық арасында қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу» туралы 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылды.

         Осы қаулыға сәйкес ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап 6-11 айлық балаларды қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке (МҚҚ) қарсы қосымша жаппай иммундау (МБҚ) жүргізілуде, желтоқсан айынан  бастап екпе мәртебесі жоғына  қарамастан 2-4 жас аралығындағы балалар үшін және вакцинацияланбаған және вакцинация туралы ақпараты жоқ медицина қызметкерлеріне. МБҚ аясында бүгінгі таңда ауданда қызылшаға қарсы 455 адам егілді, бұл екпе егілетіндердің 79,8 пайызын құрайды.

         Қызылшаға қарсы вакциналар қауіпсіз және тиімді. Қызылшаға қарсы екі доза вакцина қызылшадан дерлік 100 % қорғайды. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық ата-аналарды балаларына қызылшаға қарсы екпе жасауға шақырамыз.

Дата публикации
18 января 2024
Дата обновления
18 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 января 2024
Қостанай облысында қызылша ауруының артуы байқалады.
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
25 декабря 2023
Аудан әкімінің жиналысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы