Ауылымызды көркейту аясында Әйет ауылындағы Южная, 40 лет Победы, Е.Өмірзақов, Жабағы батыр көшелерінің бойындағы ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмысты жүргізіп, уақытылы аяқтаған мердігер – «Горземстрой» ЖШС. Жалпы сомасы 220 200,0 мың теңгеге толық көлемде жұмыс атқарылды.
Бейімбет Майлин – Болашақ көшелерінің шекарасындағы Әйет ауылындағы Жабағы батыр көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру бойынша 16 724,6 мың теңгеге «Жаңа Өмір 2012» ЖШС мердігер ұйымымен жұмыс аяқталды. Сонымен қатар, Красносельское ауылында көшелерді жарықтандыру 4 369,0 мың теңгеге 50 жаңа шам, Әйет ауылында 10350,0 мың теңгеге 106 бірлік жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Орынборское ауылында 1788,0 мың теңгеге қосымша 20 көше жарықтандыру шамдары орнатылды. «Варваринское» АҚ-мен жасалған меморандум аясында Журавлевка ауылының маңында орналасқан табиғи бұлақты қалпына келтіру бойынша экологиялық жоба жүзеге асырылды.
«Алтын Елтай» ЖШС «Айгөлек» балабақшасына лакпен бояу материалдарын, сантехникалық құрылғылар мен құм сатып алуға көмек көрсетті. Красносельское ауылында халықтың спорттық дамуына көңіл бөлініп Красносельск орта мектебі аумағында шағын футбол алаңы, тренажерлар және басқа да спорттық құрылғылар орнатылды. Бұл жобаның демеушісі «Варваринское» АҚ болды.
«Алтын Елтай» ЖШС Красносельск орта мектебін абаттандыру мақсатында шырша өсіруге демеушілік көмек көрсетті.
«Нұрлан» және «Шалыгин Ю.А.» шаруашылық қожалықтары жоғарғы сұрыпты ұн және картоппен қамтамасыз ету арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетті.
«Азия Алтын-2000» ЖШС пәтерді жөндеді ???
Мердігер «Қостанайсельхозводопроводстрой» ЖШС «Бейімбет Майлин ауданы, Красносельский ауылында су құбыры және тарату желілерінің құрылысы» атты сумен жабдықтау жобасының құрылысы аяқтады, жобаның жалпы құны 775,9 млн теңгені құрады. 17,1 шақырым құбыр тарту жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: су тарату желілері – 11,7 шақырым; сумен жабдықтау желілері – 5,4 шақырым.
«Дәулет» шаруа қожалығы Әйет және Красносельский ауылдарындағы кіреберіс стеллаларға сырлау жұмыстарын жүргізді.
Біз бүгін атқарылған істерді қорытындылап қана қоймай, болашақтағы даму бағытындағы жұмыстарды айқындап жатырмыз, сондықтан 2024 жылы ауылдық округімізде түрлі салалар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады деп жоспарлаудамыз.
Алдағы жылдардың жоспарында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Красносельский ауылындағы 15 көшенің, оның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 2 көшенің жол құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.
Әйет ауылында жол белгілерін сатып алып, орнату жоспарлануда.
Әйет ауылындағы 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау, сондай-ақ жолдарды орташа жөндеу, көшелерді қосымша жарықтандыру, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жалғасын табатынына сенімдіміз. Осылайша ауылдастарымыздың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғаса бермек.