Әйет ауылдық округі әкімінің м. а халық алдындағы есеп беру кездесулері

Жергілікті атқарушы органдар мен халықтың бірлескен жұмысының ең маңызды сәті есепті кездесулер болып табылады. Әйет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы  Байбол Хасенов тұрғындармен кездесті.

         2023 жылғы 7 қарашадан 16 қараша аралығында Әйет ауылдық округінде әкімнің м.а. Байбол Хасеновтың Журавлевка, Щербиновка, Оренбургское, Красносельское және Әйет ауылдарының тұрғындарымен кездесулері өтті.

         Есеп беру кездесуінде тұрғындар тұрғын үй – коммуналдық сала мәселелерін көтерді: жолдарды жөндеу және абаттандыру, көшелерді жарықтандыру мәселелері. Оренбургское ауылының тұрғындары  қуатты трансформаторды орнату мәселесін қарастыруды сұрайды, өйткені желінің электр кернеуі жеткіліксіз, әсіресе кешкі уақытта.   Красносельское ауылында жеке меншіктегі екі қабатты ғимаратты одан әрі пайдалану мәселесі көтерілді. Тұрғындар үйді абаттандыруды және оған мұқтаж тұрғындарға баспана беруді ұсынды. Ауыл тұрғындары кентішілік жолдар мәселесін көтерді-олар шұғыл жөндеуді қажет ететін проблемалық учаскені белгіледі. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мен тұрмыстық қалдықтарды шығару туралы сұрақ қойылды. Барлық сұрақтарға түсініктемелер беріліп, өтініштер бақылауға алынды, олар бойынша қажетті шаралар қабылданып, Айет ауылдық округінің тұрғындарына жауаптар беріледі.     

Әйет ауылдық округі әкімінің м. а халық алдындағы есеп беру кездесулері
Дата публикации
23 ноября 2023