Меню

Страницы

Статья

2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен өседі

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚР Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен көтеріледі. Ставкалар 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Атап айтқанда, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының
1) тармақшасындағы кестенің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарына өзгерістер енгізілді.

Фильтрі бар сигареттер:

- 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;

- 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;

- 2025 жылы - 15 900 теңге /1000 дана.

Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:

- 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;

- 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;

- 2025 жылы - 11 130 теңге /1000 дана.

Одан бөлек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді.

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артып:

- 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;

- 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;

- 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды.

 

Бейімбет Майлин ауданы бойынша МКБ

Дата публикации
12 августа 2022
Дата обновления
12 августа 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы