Меню

Страницы

Статья

Бақылау-касса машиналарының деректерін жіберу мен алу бөлігінде техникалық талаптар өзгерді

Осыған орай, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде онлайн бақылау-касса машиналарының модельдерін әзірлеушілер мен өндірушілеріне маңызды ақпарат таратты.

Мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін БКМ техникалық талаптарына және сәйкестік нысанына, техникалық талаптарына сәйкес, деректерді БКМ-нан фискалдық деректер операторының серверіне беру хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. БКМ талаптары «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 208 бұйрығымен бекітілген.

«БКМ қолдану мәселелері бойынша» жұмыс тобы шеңберінде БКМ әзірлеушілерімен, өндірушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп, онлайн БКМ фискалдық деректер операторының серверіне деректерді беру хаттамасы әзірленіп, бекітілді. Бұл Хаттама Комитеттің ресми сайтында https://kgd.gov.kz/ru/content/primenenie-kontrolno-kassovyh-mashin-1 сілтемесі бойынша жарияланған.

Жаңа нұсқаға көшуге байланысты, мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн БКМ модельдерін әзірлеушілер мен өндірушілер 2022 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде деректерді онлайн БКМ-нен фискалдық деректер операторының серверіне беру жөніндегі 2.0.2 нұсқасындағы хаттамасын тестілеу жұмыстарын аяқтауы керек.

Енгізілген өзгерістер БКМ чегіне әсер етпейді. Жалпы бақылау-касса машиналарының тізілімінде 264 түрі тіркелсе, оның ішінде онлайн бақылау-касса машиналары – 124.

 Бейімбет Майлин ауданы бойынша МКБ

Дата публикации
01 июля 2022
Дата обновления
01 июля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы