Меню

Страницы

Статья

POS терминалды қолдану туралы

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 11-тармағына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқандарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыру үшiн төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға және (немесе) лезде төлем жүйесiн пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) өз қызметiн жүзеге асыратын жерлерде орнатуды және пайдалануды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 457 қаулысымен салық төлеушілер POS терминалды пайдалануға міндетті қызмет түрлері айқындалған.

Бұл ретте, талап өз өндiрiсiнiң ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, өз өндiрiсiнiң акваөсiру (балық шаруашылығы) өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудада сату саласында қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға қолданылмайды; жалпыға ортақ телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызмет.

Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 194-бабының 1-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің немесе оларды қабылдауға міндетті заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдаудан бас тартуы. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) жүзеге асыру кезінде - ескерту жасауға әкеп соғады.

Бейімбет Майлин ауданы бойынша МКБ

Дата публикации
23 июня 2022
Дата обновления
23 июня 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы