E-Salyq Business кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептейді. Бұл белгілі бір дағдылары мен бухгалтері жоқ кәсіпкер үшін салықтар мен төлемдерді есептеудегі қиындықтарды жоятын негізгі функционалдылық.
Кәсіпкердің салықтық міндеттемелері өтініште көрсетілген табыс негізінде есептеледі (Әлеуметтік салық, ЖАТ). Бұл ретте, әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін кәсіпкер Кәсіпкердің Анықтамасында олардан салық салынатын табыс сомасын көрсетеді.
Дәл осындай модуль азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалардың міндеттемелерін есептеу үшін қолданылады.
Кәсіпкер есептелген міндеттемелерді қосымшаның бүйірлік мәзіріндегі «Салықтар» қойындысынан көре алады.
Төлемді жеңілдету үшін нәтижелер әр ай үшін бөлек көрсетіледі. Бұл бөлімде сіз салықты дереу төлей аласыз.
Бейімбет Майлин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы