2022 жылдың 06 мамыр күні аудандық орталық кітапханада Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық топ мүшелері Бейімбет Майлин с.Айет аудандық мәдениет қызметкерлерімен кездесті. Өткізілген іс-шаралар барысында қатысушыларға Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасы, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығы туралы ақпарат берілді. Кездесудің мақсаты-дінтану сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау. Сондай-ақ, діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды