Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БИЗНЕС КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

2021 жылғы 24 қаңтарда Қостанай облысында өңірдің бизнес-секторлары кәсіпкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасының тәжірибелік механизмін жүзеге асыру мәселесі бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмағамбетовтің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Серікжан Мырзалы төрағалығымен өтті.

Ірі, шағын және орта бизнес субъектілерімен қатар конференция жұмысына бақылау-қадағалау органдарының өкілдері, қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, және мәслихаттар депутаттары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саласында, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз етудегі өзекті заңнамалық жаңалықтар талқыланды.

Кездесу шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін уақытша атқарушы Серікжан Мырзалы бизнес-сектор өкілдерінің ерекше рөлін атай отырып, тұжырымдамаға қатысушылар назарын  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі барлық азаматтық қоғамның қатысуының маңыздылығына аударды. Оның айтуынша мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара тығыз қарым-қатынасы алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды тиімді жоюға мүмкіндік береді.

Жергілікті кәсіпкерлер өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында бірқатар негізгі бағыттар қамтылғанын, олардың ең маңыздысы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар екенін атап өтті.

Бұл ретте өңір кәсіпкерлері Тұжырымдама жобасына бір қатар ұсыныстарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ірі бизнеспен де, шағын және орта бизнеспен де өзара іс-әрекеттері кезіндегі ашықтықты қамтамасыз ету бөлігіне ұсыныстар енгізді.

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізгенін естеріңізге саламыз. Президент өз сөзінде елдегі қалыптасқан жағдайды талқылап, билік пен бизнестің өзара әрекеті ел игілігі жолына жоспарлануы қажет екенін атап өтті, сондай-ақ кәсіпкерлер қоғамдастығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасын алдағы 5 жылға жан-жақты талқылауды тапсырды.

Дата публикации
03 февраля 2022
Дата обновления
03 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы