14 Қаңтарда Бейімбет Майлин ауданының Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Тобыл кентінде Азаматтардың әлеуметтік осал топтарымен кездесу өткізілді. Аудандық АНТ мүшесі, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы О.Нұрғалиева Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасы, деструктивті және жалған діни ағымдардың қауіптілігі туралы айтып берді. Діни сауаттылықты арттыруға, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған, Қазақстан әлемнің басқа мемлекеттері үшін ұлтаралық келісімнің, тұрақты және орнықты дамудың үлгісі болып табылатыны туралы іс-шаралардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өткен жөн.