Кез келген Қазақстан азаматы шетелден жүріп, кеңесшімен байланысып, қойылған сұрақтарға жауап алу үшін интернет желісі болса жеткілікті.
Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары аудиожазба бойынша 1414 Бірыңғай байланыс орталығының операторымен онлайн тегін байланыса алады. Бұл туралы" Азаматтарға арналған үкімет " КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы хабарлады.
«1414 нөміріне тегін қоңырау шалу үшін пайдаланушы egov.kz электронды үкімет порталына өтіп, төменгі оң жақ бұрыштағы «Виртуалды кеңесші» виджетін басу керек. Қалқымалы терезеде құлаққап белгішесін басып, қоңырау шалу керек. Оператормен байланысу үшін сізге гарнитура - микрофон және құлаққап қажет. Азамттар қоңырау шалу кезінде операторға кез келген форматтағы, бірақ салмағы 20 мегабайттан аспайтын файлдарды жібере алады. 1414 байланыс орталығы сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша ББО басшысы Динара Жәкенова.