Меню

Страницы

Статья

Адамдардың мобильді аударымдары

Қазіргі уақытта желіде жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тұлғалардың яғни такси жүргізушілеріне мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақшаға көшуге шақыратын ақпараттар таралуда.

Салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер, жеке тұлғалардың жеке аударымдарын / кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден / бөлуге арналған. Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды.

Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз.

Мұнымен қоса, барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. 2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алу жоспарлануда. Сондықтан, жеке аударымдарға салық салынбайды.

Ал егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, салық салу бойынша өзіңізге ыңғайлы режимді таңдай аласыз.

Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим табысы жылына 10миллион 300мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады.

Кассалық аппараттарға қатысты. Қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар. Кәсіпкер онлайн кассаның мобильді нұсқасын жүктеп алып, заңды түрде пайдалана алады.

Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізу арқылы автоматты түрде жасалады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған.

Еске салайық, қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған.

Сондықтан, құрметті кәсіпкерлер арандатушылыққа бой алдырмай, уәкілетті органдардың ресми ақпаратына ғана сенуге шақырамыз.

Дата публикации
03 декабря 2021
Дата обновления
03 декабря 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы