Қазіргі уақытта желіде кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың, оның ішінде жеке такси жүргізушісінің мобильді аударымдарын бақылау кең таралғаны туралы ақпарат таралуда.
Айта кетерлігі, кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу мүмкіндігінше жеңілдетілген, такси жүргізушілері патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдана алады, оның мөлшерлемесі жалпы кірістің небәрі 1 пайызын құрайды. Мысалы, табыс 300 мың теңге болса, салық айына небәрі 3 мың теңге болады.
Бұл ретте кассалық аппаратты сатып алудың қажеті жоқ, онлайн кассалық аппараттардың бірнеше тегін мобильді нұсқалары бар. Келесі жылдан бастап SNR e-Salyk Business мобильді қосымшасы арқылы енгізіледі.
Бұл қосымшада жеке кәсіпкерді тіркеуге, салық салу режимін таңдауға, қосымшаны бақылау-кассалық машина ретінде пайдалануға болады. Салықтар мен төлемдерді төлеуді де осы қолданба арқылы жүзеге асыруға болады.
Оның үстіне мемлекет шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2023 жылға дейін жеке кәсіпкерлерді табыс салығын төлеуден босатып, тексерулерге мораторий жариялаған.
Осыған байланысты біз кәсіпкерлерді заңды бизнес жүргізуге, нақты кірісті көрсетуге шақырамыз, бұл жалпыға бірдей декларацияны енгізу қарсаңында ерекше маңызды.
Бейімбет Майлин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы