Меню

Страницы

Статья

АҒЫМДАҒЫ ЖЫДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ҮШІН АЛТЫ АЗАМАТҚА 2,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТӨЛЕНДІ

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов «Антикор» орталығы алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

"Өздеріңіз білетіндей, Департамент сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын іске асыруда. Осы жылы Департаментке 6 адам жүгінді, олар жалпы сомасы шамамен 2,5 млн. теңгеге ынталандырылды" - деді спикер брифинг  барысында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына түзетулер енгізілген болатын.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша сыйақы сомасы сараланған болды. Енді пара немесе келтірілген залал сомасы 1000 АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы хабарлағаны үшін сыйақы көрсетілген соманың 10 пайызын құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат бергені үшін қаржылық ынталандыру мөлшерін ұлғайту халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.

Дата публикации
27 сентября 2021
Дата обновления
27 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы