Б.Майлин ауданының тумаларымен кездесулер циклы «Рухани Жағыру» бағдарламасы, «Рақмет саған, Туған ел!» кіші жобасы аясында жалғасуда!
Кездесулердің басты мақсаты - аудан тұрғындарын туған жерлестерімен таныстыру ғана емес, сонымен қатар оларға жеке даму жолын өз бетінше таңдауға және өз күшіне сенуге мүмкіндік беретін білімге баулу.
Айта кету керек, кездесуге Б.Майлин ауданының тумасы Ибраев Азамат шақырылған.
Іс - шараны "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ-нің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша "Sanaly urpaq-2050" қоғамдық қоры "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының білім бөлімі"ММ-мен бірлесіп ұйымдастырды.