Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 17 наурызда онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Осы іс-шараға кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен үйден шықпай-ақ қатыса алады.
Іс-шараның тақырыбы – «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?» деп аталады. Іс-шараның негізгі аудиториясы БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің артықшылықтары туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс. Қазіргі уақытта Қор виртуалды кеңістікте қызметтердің толық спектрін ұсынады. Атап айтқанда, корпоративтік сайттың немесе мобильді қосымшаның көмегімен бірнеше минут ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алуға, деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алып, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беруге, төлемге берілген өтініштің мәртебесін бақылауға және т. б. қвзметтерді алуға болады.
Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпараттандыру болып табылады.
Естеріңізде болсын, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда өтеді. Қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына бір күн қалғанда жіберіледі.
Біз Сіздерді күтеміз!