Меню

Страницы

Статья

Новоильинов ауылдық округінің әкімі М. Таймасовтың 2021 жылдың қаңтар айында өтетін халық өкілдерімен есепті кездесуіне баяндама тезистері 

Новоильинов ауылдық округінің әкімі М. Таймасовтың 2021 жылдың қаңтар айында өтетін халық өкілдерімен есепті кездесуіне баяндама тезистері 

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықтың жалпы санын 3 180 адам (914 аула) құрады. 549 аулада қосалқы шаруашылығы бар. Көшіп келді – 95 адам, көшіп кетті – 88. Туды – 22 бала, қайтыс болды – 26 адам. Көші-қон сальдосы 7 адамды құрады, халықтың табиғи азаюы – 4 адамды құрады.

Экономика жағынан белсенді тұрғындар 1725 адам, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған – 342 адамды құрады.

2020 жылдың қаңтар айында есеп беру кездесу барысында аудан әкімі 7 тапсырма берді, олар белгіленген мерзімінде орындалды. 

Коронавирусң пандемиясына байланысты, есеп беру кезеңі ішінде азаматтардың 9 жиыны өткізілді, олардың барысында ағымдағы мәселелер қаралды.

2020 жылдың ішінде ауылдық округ әкімінің аппаратында – 21 өтініш тіркелді, олардың ішінен жеке тұлғалардан – 14, заңды тұлғалардан – 7 келіп түсті. Ауылдық округтің әкімі 8 адамды жеке қабылдады. Барлық өтініштер қаралды.

Өткен жылы әлеуметтік сипаттағы 600 анықтама берілді. 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді, «Электрондық үкімет» портал арқылы - 2603  қызмет көрсетілді. 65 нотариаттық iс-әрекет жасалды.

Мемлекеттік органдары лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау мақсатында, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді, әкім аппаратында «сенім телефоны» бар, шағымдар мен ұсынымдар кітабына келушілердің қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Ауылдық округтің аумағында салық төлеушілердің саны 951 адам құрады. 159 адам (жалғыз тұратын зейнеткерлер және 1-ші топ мүгедектер) салық төлеуден босатылды. 2020 жылдың ішінде 7861,1 мың теңге салық жиналды, бұл 20%-ға жылдық жоспарды асады. Оның ішінде табыс салығы – 2987,7 мың теңге, мүліктік салық – 43,8 мың теңге, жер салығы – 300,9 мың теңге, көлік салығы –  4282,5 мың теңге, жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы – 246,2 мың теңге.

Округ өнеркәсібі Валерьяновка ауылында екі қиыршық тас зауытымен ұсынылады: «Первомайский щебеночный завод» ЖШС және «Фаворит» ЖШС. Ауылдық округінің аумағында меншіктің барлық нысандағы 46 кәсіпорны тіркелді, оның ішінде 11 ЖШС - («Ақтас», «МСС», «ЖК Ленинское», «Данат-1», «Анара», «Амина-2012» және т.б.), 33 шаруа қожалығы, олардың ішінен 8 шаруа қожалығы көкөніс өсірушілікпен айналысады және 2 ауылдық өндірістік кооператив.

Жалпы егістік алаңы 21 653 гектар құрады, оның ішінде ЖШС бойынша – 8 866 гектар, шаруа қожалықтар бойынша – 12 787 гектар.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша округте мал басы құрады: ірі қара мал - 3431 бас, жылқы - 724 бас, қой мен ешкі - 2412 бас, шошқа  -10270 бас, барлық түрдегі құстар - 20250 бас.

Ауылдық округте 2 шаруашылық жүргізуші субъект бар: «Кадамбаев С.К.» ШҚ және «Калиев А.У.» ШҚ, олар тұқымдық түрлендіру бағдарламаға қатысушылары болып табылады.

2020 жылдың ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 1 адам қатысты. ІҚМ өсіру үшін 520 мың теңге жалпы сомасына грант берілді.

Бруцеллез бойынша диагностикалық зерттеулер және бірдейлендіру 100%-ға орындалды. Округте эпизоотиялық жағдайы тұрақты.

2020 жылдың ішінде «Ветеринария» МКК күшімен 60 ит ауланды және жойылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастыруда.

Новоильинов ауылдық округінің аумағында дүкендері бар 32 жеке кәсіпкер тіркелді, олар халықты азық-түлікпен және күнделiктi сұраныс тауарларымен толық көлемінде қамтамасыз етеді.

2020 жылдың ішінде ауылдық округті абаттандыру үшін 125,0 мың теңге жұмсалды. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуіне – 5140,0 мың теңге.

Округ тұрғындары орталықтандырылмаған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілді (құдықтар мен скважиналар). «Тобыл» МКК Ақсуат пен Притобольское, Новоильиновка ауылдарының сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетілетін ұйымы болып табылады.

Республикалық және облыстық бюджеттердің трансферттер есебінен 276,5 млн теңге сомадағы Валерьяновка ауылында су құбыры мен таратушы желілердің құрылысы аяқталды. Магистральдық және тарату желілердің ұзындығы 16,440 км құрады. 

Ауылдық округінің көшелеріне 128 шам жарық түсіреді, олардың ұстауына аудандық бюджеттен 1500 мың теңге жұмсалды. 2021 жылға 1978 мың теңге жоспарланды.

2020 жылдың ішінде қысқы мезгілінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына қызмет көрсету және қардан тазарту үшін 5140 мың теңге бюджеттік қаражаты бөліп берілді және игерілді.

Ауылдық округінде пошта байланыс бөлімшесі жұмыс істейді, пошта кестеге сәйкес аптасына екі рет жеткізіледі.

Мемлекет Басшысы, Республика Үкіметі халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобын қолдауға ерекше мән береді. Осындай қолдауының бірі әлеуметтік төлемдер.

Жылдың басынан бастап 4357,7 мың теңге жалпы сомасына 11 отбасы (57 адам) мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек алды.

Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан тұлғаларына берілетін тұрмыс қажеттіліктеріне 11 адам 207,7 мың теңге сомасына бір жолғы атаулы әлеуметтік көмек, туберкулез ауруы бойынша – 4 адам 166,7 мың теңге сомасына бір жолғы көмек алды, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектерiне, соғысқа қатысушыларына теңестiрiлген басқа санаттағы тұлғаларына берілетін тұрмыс қажеттіліктеріне 13 адам 892,071 мың теңге сомасына ай сайынғы әлеуметтік көмек алды, білім ұйымында оқуына ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу үшін 3 адам 301,0 мың теңге сомасына көмек алды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде, 2 адам біліктілікті арттыру қысқа мерзімді курстарына жіберілді, олар оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналастырылды. Ауылда ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, онда 15 адам жұмыспен қамтылды. Ағымдағы бос орындарына жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтылған қатарынан 50 адам жұмысқа орналастырылды. Халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, ол 16 жалғыз тұратын зейнеткерлерге қызмет көрсетеді.

Ауылдық округте 1 орта және 2 негізгі мектеп бар. Оқушылардың жалпы саны 433, мұғалімдер саны 82: білімі жоғары – 57, орта арнаулы – 25. 3 жастан 5 жасқа дейінгі 107 бала шағын орталықтарына барып жүр.

Округте 4 медициналық және 1 фельдшерлік-акушерлік пункті  жұмыс істейді. Күн сайынғы амбулаториялық қабылдау жүргізіледі, жедел жәрдем қызметтік көлігі бар.

 Ауылдық округте 3 ауылдық кітапхана жұмыс істейді, жалпы кітап қоры 30,4 мың дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілде – 4,9 мың дана.

Сондай-ақ, Новоильиновка ауылында шаңғы базасы жұмыс істейді. Шаңғы жарыс бойынша топтарына 8 жастан 18 жасқа дейінгі 15 бала барып жүр. Шаңғы спортымен шұғылдану үшін мектеп жанындағы шаңғы трассасы бар. Ұлттық спорт түрі – тоғыз құмалақ бойынша спорт секциясы ұйымдастырылды, 14 бала мен жасөспірімдер қамтылды. 

Дата публикации
05 января 2021
Дата обновления
05 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы