Меню

Страницы

Статья

Қостанайлықтарға Зейнетақы жинақтарын тексерудің баламалы тәсілі ұсынылды

Зейнетақы аударымдары туралы ақпарат бұрынғыдан да өзекті, сондықтан қостанайлықтарға өздерінің зейнетақы жинақтарын тексерудің тез әрі ыңғайлы нұсқалары туралы айтылды.

Ақпарат алу үшін электрондық үкімет порталын пайдалануға болады egov.kz.
Ол үшін порталда авторлану, "Әлеуметтік қамсыздандыру"бөліміне кіру қажет. Қызметтер тізімінен қажетті ақпаратқа байланысты "зейнетақы аударымдары туралы анықтама алуды" не "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беруді" таңдау қажет. Содан кейін, бір реттік смс-пароль немесе ЭЦҚ көмегімен сұрауға қол қою қажет.
Естеріңізге сала кетейік, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) бүгінде қашықтықтан алуға болады, ал бір реттік смс-құпиясөзді пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет. Ол сондай - ақ онлайн режимде де қолжетімді,-деп еске салды "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева. Бұған қоса, МАБ-та тіркелудің арқасында Сізге зейнетақы жинақтарын тексерудің тағы екі балама әдісі қолжетімді болады. Біріншіден, Бұл EgovkzBot2.0 телеграм-бот арқылы. Телеграмбот мәзірінде "әлеуметтік қамсыздандыру" бөлімін таңдап, қызмет атауын таңдаңыз және қажетті кезеңді көрсетіңіз, кейін SMS-парольмен растаңыз. Бұдан басқа, Egov mobile мобильдік қосымшасын пайдалануға болады. Қызметтің "жеңілдіктер, жәрдемақылар мен зейнетақылар" бөлімін таңдау, мерзімін көрсету және сұрау салуды смс-парольмен не ЭЦҚ-мен растау қажет.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы анықтамадан (инвестициялық кірісті ескере отырып) БЖЗҚ зейнетақы жинақтары қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған кірісті ескере отырып, соманы білуге болады.
Зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы беру мерзімі - 1 сағаттан аспайды, инвестициялық табысты ескере отырып анықтаманы алу - 4 сағаттан аспайды.

Дата публикации
15 января 2021
Дата обновления
15 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы