Белинский ауылдық округінің әкімі Н.А. Көшеровтің 2021 жылғы қаңтардағы халық өкілдерімен есептік кездесуде сөйлейтін сөзінің тезистері
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғындар саны 494 адамды құрады, оның ішінде Қайыңдыкөл ауылында - 206 адам (72 аула), Смайыл ауылында - 95 адам (29 аула), Жамбаскөл ауылында - 49 адам (11 аула). Мақсұт - 144 адам ( 54 аула)
Экономикалық белсенді тұрғындар саны 318 адамды құрайды, оның ішінде өзін - өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар-245 адам.
Округ аумағында 70 зейнеткер, 14 мүгедек, оның ішінде 1 бала тұрады.
2020 жылдың 12 айында жиналған салық сомасы 230402 мың теңгені құрады, оның ішінде: мүлік салығы - 23619 теңге, жер салығы – 37346 теңге, көлік салығы – 656298 теңге. Салық бойынша берешек 25814 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта бизнестің 30 субъектісі жұмыс істейді.
Ауылдық округ аумағында 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 57 жұмыскері бар 19 шаруа қожалығы жұмыс істейді. 2020 жылы жалпы егіс көлемі 9 663 гектар дәнді және басқа да дақылдарды құрады. Округ бойынша орташа өнімділік 6,5 ц/га құрады. Тауар өндірушілер тұқым қорының қажетті қорын толтырды.
Округте 3828 бас ірі қара мал (оның ішінде 2180 аналық бас), жылқы - 1327 (оның ішінде 754 аналық бас), қой мен ешкі - 3030 (оның ішінде 1581 аналық бас); шошқа - 353 (оның ішінде 220 аналық бас), барлық түрдегі құстар - 8650 (оның ішінде 7150 мекиен тауық) бар.
Ветеринариялық өңдеу 2020 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді. Смайыл, Қайындыкөл және Мақсұт ауылдарында 3 бейімделген мал қорымы және 3 ресімделген сібір жарасы көмінділері бар. Жерлеу аумағы бетон плиталармен қоршалған, белгілері бар.
Белинский ауылдық округі елді мекендерінің аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандырудың көктемгі екі айлығында 3 рұқсат етілмеген қоқыс, 30 тоннадан астам күл мен қоқыс шығарылды.
Округ тұрғындары орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген (құдықтар, ұңғымалар). Смайыл ауылының барлық аулаларында ұңғымалар бар, Қайындыкөл ауылы аумағында – 24 ұңғыма, Мақсұт ауылында – 2 ұнғыма бар
Кентішілік жолдардың жалпы ұзындығы 19,5 км құрайды, олардың қысқы күтіміне 1585 мың теңге жұмсалды.
Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 709,0 мың теңге жұмсалды.
Округ аумағындағы білім беру жүйесі екі мектептен тұрады: Е.Омаров атындағы негізгі мектеп және Максут бастауыш мектебі. Е.Омаров атындағы негізгі мектеп оқушыларының контингенті 51 оқушыны құрайды, мектепалды даярлық сыныбында-4 тәрбиеленуші, шағын орталыққа 12 тәрбиеленуші барады. Барлығы 14 педагог, оның ішінде 6 мұғалім жоғары білімді, 8 мұғалім арнайы орта білімді.
Мақсұт бастауыш мектебінің оқушылар контингенті – 19 оқушы, мектепалды даярлық сыныбына-2 тәрбиеленуші, шағын орталыққа – 6 тәрбиеленуші барады. Педагогтердің барлығы-7, барлығы жоғары білімді.
2020 жылдың тамыз айында 150 мың теңгеге «Мектепке жол» акциясы өткізілді, 20 мың теңгеге баннер орнатылды.
Жамбаскөл ауылында тұратын 11 бала Е.Омаров атындағы орта мектебіне тасымалданады. 2020 жылы 1081 мың теңге игерілді.
Округтің денсаулық сақтау саласы 3 медициналық пункттен тұрады. Қайындыкөл ауылындағы медициналық пункт ауылдық әкімдік ғимаратында орналасқан. Күнделікті амбулаторлық қабылдау жүргізіледі. Смайыл ауылындағы медициналық пункт Ленин көшесінде орналасқан. Мақсұт ауылындағы медициналық пункт Абай көшесінде орналасқан.
Қайыңдыкөл ауылында Мәдени мекемелер жүйесі 2 ауылдық кітапхана және «Достық» демалыс орталығымен ұсынылған, онда мемлекеттік мерекелер, мәдени – бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.