Меню

Страницы

Статья

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

1.Тіркелген жеріңіз бойынша ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
2.Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз
3. Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз:
Қызмет алушы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жеке куәліктері
Егер мүмкіндігі шектеулі азамат іске қабілетсіз болып танылған болса, онда оның заңды қамқоршысының құжаттары
Егер сенімді өкілі жүгінсе, оның нотариалды расталған сенімхаты
Егер оралман мәртебесі бар болса, онда оны растайтын құжат
Қызмет алушының бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршы ретінде белгіленгенін растайтын құжат
Мүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектігі туралы сараптама орталығының анықтамасы
Жәрдемақы аударылатын есепшот жайлы банк анықтамасы
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы

ХҚО-ға қызметті рәсімдеу үшін, I топтағы мүгедек іске қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі немесе қамқоршысы келеді. Ал іске қабілетті болып табылған азамат өзі келуі қажет.
Қызмет көрсету уақыты – құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 7 жұмыс күні
Ескерту, құжаттарды толықтыру немесе басқа да өзгерістерге байланысты жәрдемақы тағайындау уақыты 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін
Жәрдемақы мөлшері – 45736 теңге
Ескерту, бұл жәрдемақы, I топтағы мүгедектігі бар кәмелет жасына толған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілеріне тағайындалады.

Дата публикации
16 ноября 2020
Дата обновления
16 ноября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы