Біріншісі Egov.kz порталы арқылы:
1. Порталға кіріңіз;
2. Іздеу жолы арқылы «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» қызметін табыңыз;
3. Қызметті онлайн сұратыңыз;
4. Портал сұратқан мекенжай туралы мәліметтерді толтырыңыз;
5. Портал тіркелген азаматтар тізімін шығарады. Қажетті азаматты "алып тастау" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;
6. ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
7. Тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар өз тарапынан жеке кабинетінде келісімін беруі қажет;
8. Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден білесіз.
Ескерту, өтініш беруші мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы қажет.
Екіншісі ХҚО арқылы:
1. ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
2. Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
3. Операторға есептен шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін беру ақылы қызметке өтініш беріңіз;
4. Қызмет нәтижесі 5 минутта дайын болады.
Ескерту, ХҚО арқылы рәсімдеген кезде тіркеуден шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін алдын ала білгеніңіз абзал. Білмесеңіз, бұны Egov.kz порталы арқылы жеке кабинетіңізден тіркелгендер тізімін тексеру арқылы білуге болады.