Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 01.01.2020 жылдан бастап бүкіл аудан аумағында ауылдық округтердің дербес бюджеттерін енгізуге байланысты кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салықтың жекелеген түрлерін төлеу тәртібі өзгергенін еске салады.
Заңды тұлғалар үшін көлік құралдары салығы серіктестік тіркелген ауылдық округтің шотына төленеді. Елді мекендердің жер салығы - жер учаскесі орналасқан ауылдық округтің шотына.
Жеке тұлғалар үшін жер салығы, мүлік салығы және көлік құралдары салығы тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің шотына төленеді.
Жеке кәсіпкерлер үшін - төлем көзінен салық салынбайтын кірістер бойынша жеке табыс салығы - жұмыс орны бойынша ауылдық округтің шотына төленеді.
Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.