Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушілердің назарына!

«E-Salyq mobile» мобильді қосымшасында мемлекеттік кірістер органдарына бару күні мен уақытын брондау мүмкіндігі іске асырылды.

Артықшылықтары:

- Кезекте күтуге кететін уақыт шығындары алынып тасталады.

- Коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары  болған  жағдайда қызмет алушылардың ағынын реттеуге мүмкіндік береді.

Онлайн брондау «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасының «электрондық  қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында қолжетімді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында салық төлеушілер мен сыртқы  экономикалық  қызметке  қатысушылардан  кері байланыс алу үшін «сауалнамалар»  бөлімінде онлайн сауалнама іске  асырылды.

Мақсаты: Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысына қызмет  алушылардың  қанағаттану деңгейін анықтау.     

Сауалнама қызмет алушыларға мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету, қызмет алушыларға мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы және басқа да мәселелер бойынша қызмет көрсету сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Сауалнама нәтижелері комитет порталында орналастырылатын болады.

Дата публикации
08 сентября 2020
Дата обновления
08 сентября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы