2025 жылғы 23 сәуірде Бейімбет Майлин ауданының әдеп жөніндегі уәкілі А. А. Балан мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, ауылдық округтер, Тобыл кенті әкімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілер арасындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды азайтуға, қызметтік автокөлікке GPS-трекерлерді орнатуға, мемлекеттік қызметшілер арасында белсенді қатысуға және еріктілік қызметті ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер қаралды.