Меню

Страницы

Статья

Берік Асылов есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы

Берік Асылов есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы

 

Қаншама отбасын зар қақсатып отырған өзекті мәселе. Сондықтан мемлекет осы қылмыстың жолын кесуге барынша күресіп жатыр.

 

Прокуратура өз кезегінде аталған бағыт бойынша күштік органдарымен бір­лесіп, үздіксіз күрес жүргізеді.

Өткен жылы 37 халықаралық және 98 өңірлік есірткі арнасының жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 25,6 тонна есірткі тәркіленді.

 

95 есірткі зертханасы жо­йылды.

 

Бұл бағытта есірткі бизнесінің нақты ұйымдастырушыларын ұстауға, жеткізу арналарының жолын кесуге және қылмыстық табыс пен көлеңкелі тұстарын анықтауға баса көңіл бөліп отырмыз. «Follow the money» қағидаты бойынша есірткі желілерінің ірі ұйым­дастырушыларының ізіне түсіп жатырмыз. Қазірдің өзінде криптовалютада 2,8 млрд теңге мөлшерінде активтерге тыйым салынды.

 

Бұл жерде бірлескен іс-қимыл қажет. Жұмыс тиімділігі көбіне халықтың сенімі мен қолдауына байланысты. Сондықтан біз қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүдделіміз.

Прокуратураның бастамасымен «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы өткізіліп жатыр. Мұның аясында есірткі граффитилері жойылып, есірткіні жарнамалау және насихаттау бойынша қозғалған қылмыстық іс саны төрт есеге артқан.

 

Әр өңірде жергілікті жұртшылықты, студенттерді, еріктілерді тарта отырып, жобалар қолға алынды. Аталған проблемадан сырт қалмайтын, бастамаларымызға белсенді қатысатын жастардың бар екені көңіл­ге сенім ұялатады. Мысалы, елордада «Smart Astana» қосымшасында халық жиі пайдаланатын «Есірткіге жол жоқ» сервисі мен Алматыдағы «Жастармен» чат-боты бар. Көптеген өңірде әкімдіктің коммуналдық қызметтері граффитиді жою жұмыстарына қатысып жатыр.

 

ШҚО-да прокурорлар мүдделі органдар және бизнес өкілдерімен бірлесіп «STOP, есірткі!» бастамасын іске қосты, жеке қор ашылды. Бұл жоба есірткі бизнесіне қатысты шынайы ақпарат берген адамдарға сыйақы төлеуді көздейді. Таратушы туралы хабарлаған адамға 300 мың теңге мөлшерінде берілген сыйақы бар.

 

Азаматтардың, әсіресе жас ұрпақ­тың болашағы есірткінің айналымына қарсы күрестегі жан-жақты күш-жіге­рі­нің тиімділігіне байланысты еке­нін қайталап атап өткім келеді.

 

Сөзімді тәмамдай отырып, ең алдымен, әрбір азамат жоғары моральдық, этикалық және мәдени қағидаттарды қамтитын заңға бағынушылықты дамыту керек дегім келеді.

 

Әркім өзінен бастауға тиіс. Президентіміз айтқандай, әділдік пен тәртіп – барлық деңгейде жоғары ұстануға тиіс қасиет. Онсыз күшті және саламатты ұлт қалыптастыру мүмкін емес.

 

#Заң_және_Тәртіп

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы