Меню

Страницы

Статья

Берік Асылов қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық қатынастарды дамытумен қылмысқа қарсы күрес мәселелері туралы

Берік Асылов қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық қатынастарды дамытумен қылмысқа қарсы күрес мәселелері туралы

 

Қылмысқа қарсы іс-қимыл, іздеуде жүрген адамдарды ұстау және шетелден жеткізу, заңсыз шығарылған активтерді қайтару саласында халықаралық-құқықтық ынты­мақтастықты кеңейту және нығайту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп жатырмыз.

 

Күдікті біздің сұрау салуымыз бойынша Интерпол арқылы халықаралық іздестіру аясында ұсталса да, оны бере салмайтынын ескеруіміз керек. Шетелдік заңнама талаптарына сәйкес екі тарап үшін жасалған іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті сипатын негіздеп, сұрау салынған күдіктінің қылмысқа қатыстылығын дәлелдеп және дипломатиялық этикетті сақтай отырып, рәсімдердің барлық талабы бо­йынша шетелдік әріптестермен жұмыс істеу қажет.

 

Елде қылмыс жасап, шетелде жа­сы­­рынған адамды экстрадициялау оңай шаруа емес. Бұл міндетті шешу үшін қызметкерлеріміз халықаралық гуманитарлық құқықты, БҰҰ-ның, басқа да жаһандық ұйымдардың адам құқықтарын беру және қорғау мәселелері жөніндегі пактілерін, конвенциялары мен құжаттарын білуге міндетті.

 

Егер қашқын барған елмен екіжақты шарт болмаса немесе бұл мемлекет көпжақты конвенцияға қатысу­­шы болмаса, онда ынтымақтастық өзара қарым-қатынас қағидаты негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

 

Бұл қағида ҚПК-де енгізілген, егер осындай жағдай туындаса, шет мемлекеттердің сұрау салуы бойынша біз де ынтымақтастық танытамыз.

 

Мәселен, келісім болмаса да, біз Германия, Швеция және бас­қа да елдерден іздеуде жүргендерді экстра­дициялауға қол жеткіздік.

 

Былтыр Қазақстан 16 мемлекетаралық шарт жасасты, оның 9-ын Бас прокуратура әзірледі. Марокко, Перу, Қатар, Кипр және Швейцариямен тиісті халықаралық актілерге қол қойылды. Тәуелсіздік жылдарында 37 елмен 82 шарт жасалды. Олардың арасында Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Бразилия, Үндістан, Сауд Арабиясы, Испания, Италия, Франция сияқты ірі мемлекеттер бар.

 

Осы жұмыста туризм үшін ең тартымды елдерге, сондай-ақ қашып жүргендер жасырынуы мүмкін және ұрланған активтер шығаруы мүмкін мемлекеттерді басты назарда ұстаймыз.

 

Шетелдік әріптестермен тығыз ынтымақтастықтың арқасында өткен жылы адам өлтіру, есірткі қылмыстары, ірі көлемдегі алаяқтық, қаржы пирамидаларын құру және басқа да ауыр әрекеттер жасады деп айыпталған, іздеуде жүрген 67 адам берілді. Салыстыра кететін болсақ, 2023 жылы біздің тарапымыздан 55 іздеуде жүрген қылмыскер берілген. Бұл – жақсы үдеріс.

 

Тағы бір мысал келтірейін, Польшадан бір тоннадан аса психотроптық заттар тәркіленген трансұлттық қылмыстық топтың жетекшісі экстрадицияланды. Испания қаржы пирамидасының ұйымдастырушысын экстрадициялады, ол 800-ден аса азаматты миллиардтан асатын сомаға алдаған.

 

Өз кезегінде біз басқа елдерге екі есе көп іздеуде жүрген күдіктіні бердік.

 

Жалпы, шетелдік әріп­тес­термен ынтымақтастықты нығайту жұмыстары жалғасын табады.

 

#Заң_және_Тәртіп

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы